ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Четверг, 23 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

ais_media ais_media
03.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
0
БӨЛІСУ
6
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысы қаралды. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне жұмыспен қамту көрсеткіштерін сапалы орындауды, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асырып, тұрақты жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды.
– 2026 жылға жұмыспен қамту бойынша белгіленген индикаторларды уақтылы әрі сапалы орындауды, қосымша инвестиция тарту жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуды тапсырамын. Жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында тиісті шаралар қабылдау қажет, – деген Нұралхан Көшеров бұл салада әлі де кемшіліктер бар екенін, жұмысты ширату қажеттігін айтты.
Жиында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлының есебі тыңдалды.
Биыл Түркістан облысында облыс әкімі бекіткен Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 74516 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде 54483 тұрақты және 20033 уақытша жұмыс орны қарастырылған. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өңірде 35539 жұмыс орны ашылды. Оның 19100-і тұрақты, 16439-ы уақытша жұмыс орындары. Тұрақты жұмыс орындарына 14507 азамат жолданса, субсидияланатын жұмыс орындарына 16027 адам тартылған.
Ұлттық жобалар мен мемлекеттік тұжырымдамалар аясында биыл 284 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру арқылы 2465 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 105 жоба жүзеге асырылып, 935 жаңа жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» тапсырмасы шеңберінде 4 070 жұмыс орны ашылған.
Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында жыл басынан бері 16 мыңнан астам азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Оның ішінде жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар және «Күміс жас» жобасы бар.
Жиында әлеуметтік қолдау шараларының орындалуы да сараланды. Биыл облыс бойынша 59 мыңнан астам адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту көзделген. 1 маусымдағы жағдай бойынша 42771 адамға немесе 6875 отбасына әлеуметтік көмек тағайындалған. Өңірдегі кедейлік деңгейі 2 пайызды құрап, жоспарлы көрсеткіштің орындалуы қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Президент тапсырмасына сәйкес 2026-2029 жылдары жобаға 217 мыңнан астам ауыл тұрғынын тарту жоспарланған. Биыл республикалық бюджеттен 15,3 млрд теңге қаржы тартылып, 1115 жобаны қаржыландыру және 1400 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Мәжіліс қорытындысында өңір басшысы кемшілікке жол берген аудан, қала әкімдері мен басқарма басшысына сын-ескертпе айтып, индикаторды орындамаған басшылардың жауапкершілігі қаралатынын ескертті. Жұмыспен қамту бағытындағы межелердің толық орындалуын, тәуекел аймақтардағы көрсеткіштерді жақсартуды және әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін арттыруды тапсырды.

Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА «FORTEBANK»-ТЫҢ ЖАҢА ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «DEBAT» ПІКІРСАЙЫСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «DEBAT» ПІКІРСАЙЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «DEBAT» ПІКІРСАЙЫСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • Алматыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне  көктемгі шақырылымның алғашқы легі келді

    В воинскую часть Национальной гвардии в Алматы прибыло первое молодое пополнение весеннего призыва

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.