Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «DEBAT» ПІКІРСАЙЫСЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «DEBAT» ПІКІРСАЙЫСЫ ӨТТІ

03.06.2026

Түркістан қаласында жастардың ойы мен пікірін тоғыстырған республикалық «DEBAT» пікірсайыс жобасының финалдық кезеңі өтті. Зияткерлік сайысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды.
– Бұл – жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін, азаматтық белсенділігін және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған маңызды жоба. Жыл басынан бастау алған бағдарлама аясында жоғары және арнаулы оқу орнынан құралған 20 команда өзара бақ сынап, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікір таластырды. Қатысушылар қоғам, білім, мәдениет, экология, экономика және жастар саясаты бағыттарындағы өзекті тақырыптарды талқылап, өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғап, жоғары интеллектуалдық деңгейлерін көрсете білді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кітап оқудың маңыздылығына ерекше тоқталып, оқу мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана ой-өрісі кең, интеллектуалды ұлт қалыптастыруға болатынын үнемі айтып келеді. Сондықтан бүгінгі пікірсайыс жаңа идеялар мен тың бастамаларға жол аша білді деп есептеймін, – деді Ертай Кенжебекұлы.
«Turkistan» телеарнасы ұйымдастырған бұл пікірсайыс жобасына қаладағы үздік білім ордаларынан 20 топ қатысты. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Woosong университеті, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, сондай-ақ «Түркістан жоғары көпсалалы медицина және қолөнер колледжінен» келген пікірсайысшылар өзара мықтыны анықтау жолында тартысты додоға түсті.
Пікірсайыс барысында қатысушылар қоғам үшін маңызды, өзекті мәселелерді кеңінен талқылады. Атап айтсақ, Түркістан облысындағы туризмді дамытудың тиімді жолдары, ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіру, ауыл әкімдерінің заман талабына сай қызметі және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру тақырыптары болды.
Ақтық сынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ruh» тобы мен Түркістан жоғары көпсалалы медицина колледжінің «Nomad» командасы жолдама алды. Биылғы финалдың тақырыбы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» болды. Маусым бойы табандылық пен білімнің, шешендік пен ұтымды ойдың үлгісін көрсеткен командалар финалда да өз мықтылықтарын дәлелдеді. Нәтижесінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Рух» командасы республикалық «DEBAT» пікірсайыс жобасының жеңімпазы атанды.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.