Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Жаңалықтар

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

05.06.2026

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Халықаралық экологтар күніне арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебіне қарасты «Экология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркістан өңірінің экологиялық жағдайын бағалау және жасыл технологияларды енгізу арқылы тұрақты дамуын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар мен студенттер белсенді қатысты. Басқосу экология саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, ғылыми тәжірибе алмасуға және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаларды насихаттауға арналды.

Мерекелік жиынға экология саласында табысты еңбек етіп жүрген кафедраның әр жылдардағы түлектері арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді. Олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, табиғатты қорғау саласындағы жетістіктері мен кездескен қиындықтары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны ластанудан қорғау мәселелері қоғам үшін аса маңызды екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің директоры Е. Қозыбаев, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының директоры Б. Қырықбаев, «Қазгидромет» РМК Шымкент қаласы бойынша инженер-химигі Е. Матегова, А. Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының ғылыми қызметкері Б. Мәлік, сондай-ақ «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының қызметкері Ғ. Назарбек мазмұнды баяндамалар жасап, өңірдегі экологиялық ахуал, биологиялық әртүрлілікті сақтау, атмосфералық ауа сапасын бақылау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы туралы пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, кафедра ғалымдары экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды басқару, жасыл технологияларды өндіріске енгізу және тұрақты даму мәселелеріне арналған ғылыми баяндамаларын ұсынды. Қатысушылар ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту және экологиялық білім беруді жетілдіру бағытында ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын барысында «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, қоршаған ортаны қорғау ісіне елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Сондай-ақ «Экология» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Асұлу Абдуованың көпжылдық еңбегі мен ғылымдағы жетістіктері жоғары бағаланып, оған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Аталған кездесу экологиялық мәдениетті нығайтуға, жас мамандардың кәсіби қызығушылығын арттыруға және сала өкілдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосты. Мұндай іс-шаралар қоғамда табиғатқа жанашырлық көзқарасты қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ортақ жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.