Есірткіге қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғау – Шымкенттегі маңызды бастамалар — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Пятница, 12 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Есірткіге қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғау – Шымкенттегі маңызды бастамалар

ais_media ais_media
09.06.2026
Жаңалықтар
0
Есірткіге қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғау – Шымкенттегі маңызды бастамалар
0
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Шымкент қаласында жастарды зиянды әдеттерден қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында «Есірткісіз қала» және «Таза Қазақстан» акциялары ұйымдастырылды.

«Есірткісіз қала» акциясы Шымкент қалалық Полиция департаменті мен Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өтті. Іс-шараға коммуналдық қызмет мекемелерінің қызметкерлері, еріктілер, спортшылар және белсенді жастар қатысты.

Акция барысында қатысушылар қала көшелерін, қоғамдық орындарды және білім беру ұйымдарының маңын аралап, есірткі құралдарын заңсыз насихаттайтын интернет-ресурстар мен байланыс арналары көрсетілген жарнамаларды анықтап, жою жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар жастар арасында есірткінің зияны, синтетикалық есірткілердің қауіптілігі және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Шымкент қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда есірткі саудасының басым бөлігі интернет кеңістігі арқылы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрақты мониторинг жүргізіп, заңсыз әрекеттердің жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде күшейтіп келеді.

Акция аясында қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман мен белгілі спортшылар Біржан Жақыпов және Арман Оспанов жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен тұрақты айналысуға және заңсыз табыс көздерінен аулақ болуға шақырды.

Сонымен қатар Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, Қаратау ауданындағы Жоғарғы Отырар шағын ауданындағы №53, №54 және №55 тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, шөптер орылып, ағаштар мен бұталар ретке келтірілді. Сондай-ақ Бадам өзенінің жағалауы, Тассай шағынауданы және Еңбекші ауданындағы 12-шағынаудан аумақтарында санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстары ұйымдастырылды.

Жоғарғы Отырар шағын ауданының тұрғыны Ұлбосын Тәжібаева мұндай бастамалардың тұрғындар үшін маңызы зор екенін атап өтіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акциялар қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ жастардың қауіпсіз әрі салауатты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Алдыңғы мақала

КЕНЕ МЕН МАСАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС: ШЫМКЕНТТЕ МАУСЫМДЫҚ ӨҢДЕУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В Шымкенте прошла акция «Город без наркотиков»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Есірткіге қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғау – Шымкенттегі маңызды бастамалар

В Шымкенте прошла акция «Город без наркотиков»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • Алматыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне  көктемгі шақырылымның алғашқы легі келді

    В воинскую часть Национальной гвардии в Алматы прибыло первое молодое пополнение весеннего призыва

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.