Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ СИНГАПУРДА ӨТКЕН QS EDUDATA SUMMIT 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ
Жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ СИНГАПУРДА ӨТКЕН QS EDUDATA SUMMIT 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

09.06.2026

2026 жылғы 3–4 маусым күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің делегациясы Сингапурда өткен QS EduData Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты. Халықаралық саммит әлемнің түкпір-түкпірінен келген университет басшыларын, ғалымдарды, білім беру саясатын қалыптастырушыларды, білім беру деректері саласының мамандарын және білім беру инновацияларының өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.
Саммит барысында университет өкілдері жоғары білім берудегі цифрлық трансформациялау, білім беру деректерін талдау, халықаралық рейтингтер, академиялық беделді арттыру, сондай-ақ жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізудің мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдері сияқты өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Іс-шара аясында білім беру деректері мен жасанды интеллект саласының болашағын айқындайтын жаңа үрдістер мен инновациялық шешімдер таныстырылып, саммит барысында көтерілген маңызды тақырыптарға жан-жақты талдау жасалды.
Халықаралық деңгейдегі іс-шара маңызы тек баяндамалар мен пікірталастармен шектелген жоқ. Олар әртүрлі елдердің ЖОО, мәдениеттерін және білім беру жүйелерін өзара жақындастырып, тәжірибе алмасуға, кәсіби диалог орнатуға және серіктестік байланыстарды нығайтуға кең мүмкіндік берді. Осындай өзара ықпалдастықтың нәтижесінде университеттер жоғары білім беру саласының алдында тұрған жаһандық өзекті мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіріп, тиімді тәжірибелерді қалыптастырады.
Мұндай ауқымды халықаралық жиынға қатысу отандық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды игеруге даңғыл жол ашады. Қазіргі таңда зерттеу университеттерінің мәртебесін нығайту тек ішкі көрсеткіштермен ғана емес, жаһандық деңгейдегі серіктестік байланыстардың тереңдігімен де өлшенеді. Саммит алаңында қалыптасқан жаңа байланыстар оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыруға, шетелдік жетекші орталықтармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және білім алушылардың халықаралық академиялық ұтқырлығын жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. Озық тәжірибелерді енгізу университет имиджін халықаралық деңгейде биіктете түспек.
Сонымен қатар, цифрландыру мен технологиялық жетістіктерді оқу үдерісіне тиімді интеграциялау болашақ мамандардың біліктілігін заман талабына сай қалыптастырудың кепілі болып табылады. Деректерді талдаудың жаңа әдістері мен заманауи құралдарды қолдану білім беру бағдарламаларының сапасын арттырып, еңбек нарығындағы сұранысқа икемді болуына жағдай жасайды. Оңтүстік Қазақстан өңірінің бас жоғары оқу орны ретінде Әуезов университеті бұл бағыттағы инновациялық шешімдерді өз тәжірибесіне енгізе отырып, аймақтың интеллектуалды даму орталығына айналу жолындағы қадамдарын нық жалғастыра бермек. Жаһандық саммит қорытындысы негізінде жасалатын стратегиялық жоспарлар білім ордасының алдағы жетістіктеріне берік негіз қалайды.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.