Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Есірткісіз қала» акциясы ұйымдастырылды
Жаңалықтар

Шымкентте «Есірткісіз қала» акциясы ұйымдастырылды

09.06.2026

Шымкент қаласында жастарды зиянды әдеттерден қорғау, нашақорлықтың алдын алу және қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында «Есірткісіз қала» атты ауқымды акция өтті.
Іс-шараны Шымкент қаласының Полиция департаменті мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Акцияға коммуналдық қызмет саласының мамандары, еріктілер, спортшылар және белсенді жастар қатысып, қала аумағында есірткіге қарсы түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Акцияның негізгі мақсаты – есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысатын қылмыстық топтардың әрекеттеріне тосқауыл қою, заңсыз жарнамаларды жою және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу.
Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда есірткі саудасының тәсілдері өзгеріп, интернет кеңістігі арқылы жүзеге асырылатын заңсыз әрекеттер көбейген. Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерді пайдаланатын қылмыстық топтар әсіресе жасөспірімдер мен студент жастарды өз қатарына тартуға тырысады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Арман Бейсенбаевтың айтуынша, құқық қорғау органдары есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.
– Өткен жылы өткізілген осындай акция барысында көптеген заңсыз жарнамалар мен ақпараттық жазулар жойылды. Қазіргі таңда есірткі саудасының басым бөлігі интернетке ауысқандықтан, құқық қорғау органдары тәулік бойы мониторинг жүргізіп, заңсыз әрекеттердің жолын кесу жұмыстарын тұрақты түрде атқаруда, – деді ол.
Жаз мезгілінде уақытша жұмыс іздейтін жастардың саны артады. Осы кезеңде қылмыстық топтар жоғары табыс ұсыну арқылы жастарды заңсыз әрекеттерге тартуға тырысады. Көп жағдайда жұмыс мазмұны толық түсіндірілмей, белгілі бір мекенжайға зат жеткізу немесе алып келу тапсырмасы беріледі. Кейін мұндай әрекеттердің есірткі тасымалдаумен немесе жасырын қоймалар ұйымдастырумен байланысты екені анықталады.
Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері Шымкент қаласында есірткі тасымалдау және арнайы орындарға жасырумен айналысқан 200-ден астам күдікті ұсталған. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 50 келіден астам есірткі тәркіленсе, оның шамамен 11 келісі синтетикалық есірткілердің үлесіне тиесілі.
Сонымен қатар есірткі саудасын ұйымдастырған бірнеше интернет-дүкен анықталып, олардың қаржылық есепшоттары бұғатталған.
Құқық қорғау органдары жастар арасында кең таралған «закладчик» деп аталатын заңсыз қызмет түрінің аса қауіпті екенін ескертеді. Көпшілік оны қарапайым курьерлік жұмыс ретінде қабылдағанымен, қолданыстағы заңнама бойынша бұл ауыр қылмыс санатына жатады.
Акция барысында Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман, танымал спортшылар Біржан Жақыпов пен Арман Оспанов жастармен кездесіп, салауатты өмір салтының маңызы туралы пікірлерін бөлісті.
Олар жастарды спортпен тұрақты айналысуға, уақытты тиімді пайдалануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Спортшылардың айтуынша, табысқа жетудің басты кепілі – тәртіп, еңбекқорлық және алға қойған мақсатқа адалдық.
Акция аясында қатысушылар Шымкент қаласының бес ауданындағы көшелерді, қоғамдық орындарды және білім беру ұйымдарының маңын аралап, есірткі сататын сайттар мен байланыс арналары көрсетілген заңсыз жарнамаларды анықтап, оларды жою жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Есірткісіз қала» акциясы тек тазалық шарасы ғана емес, қоғамның есірткіге қарсы ортақ ұстанымын білдіретін маңызды бастама. Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, олардың қауіпсіз әрі жарқын болашағын қалыптастыруға ықпал етеді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.