Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНКЕСТЕР МЕН КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНКЕСТЕР МЕН КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

09.06.2026

Шымкент қаласында санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кенелерге, масаларға, кеміргіштерге және шегірткелерге қарсы кешенді өңдеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Базарбеков Қайрат Мейрханұлы айтты.
Жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде жүргізілетін кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары биыл да жоспарға сай жүзеге асырылды. Алғашқы кезең 26 наурыз бен 25 мамыр аралығында толық аяқталып, 152 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары өңделді. Сонымен қатар 4,6 миллион шаршы метрден астам қора-жайлар, саябақтар мен гүлзарлар аумағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға арнайы техникамен жабдықталған 6 бригада және 18 маман тартылды.
Биылғы бес айда қалада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелмеген. Дегенмен кене шағу жағдайымен 475 адам медициналық көмекке жүгінген. Мамандардың мәліметінше, олардың басым бөлігі басқа өңірлерде мал шаруашылығымен айналысу немесе демалыс кезінде кене шағуына ұшыраған.
Қалада масаларға қарсы дезинсекциялық шаралар да қарқынды жүргізілуде. Бұл мақсатқа 30 маман мен 20 арнайы техника жұмылдырылған. Өңдеу жұмыстары саябақтарда, өзен-көл арналары мен гүлзарлар аумақтарында кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар сәуір айында кеміргіштерге қарсы көктемгі дератизация толық аяқталды. Нәтижесінде кеміргіштерден зардап шеккендер саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайған. Мамандар тұрғындар мен кәсіпкерлерді өз нысандарында санитариялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге шақырады.
Қала аумағында атқарылып жатқан бұл шаралар тұрғындардың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өте маңызды орын алады. Әсіресе жазғы уақытта инфекциялық қауіп-қатердің алдын алу мақсатында ветеринария саласының мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Жоспарлы түрде жүргізілген дезинфекциялау жұмыстары мен кәсіби деңгейдегі бақылаудың арқасында шаһардағы эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты деңгейде сақталып отыр. Мұндай ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасып, әрбір ауданның ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай арнайы препараттармен өңделетін болады.
Сонымен қатар жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысымен бірге халықтың да жеке сақтық шараларына жауапкершілікпен қарағаны абзал. Мамандар демалыс орындарында, табиғат аясында жүргенде қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытпауды және кене шаққан жағдайда бірден дәрігерлік көмекке жүгіну қажеттігін ескертеді. Кәсіпкерлер мен жеке үй иелерінің өз меншігіндегі аумақтарды дер кезінде тазалап тұруы да осы ортақ күрестің тиімділігін арттыра түседі. Қала тазалығы мен қоғам саулығы жолындағы осындай бірлескен қадамдар Шымкент тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне толық кепілдік береді.
Толығырақ: https://youtube.com/live/s2vr3p3Hb8s?feature=share
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.