Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР: БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ, ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ САЯСАТ
Жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР: БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ, ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ САЯСАТ

11.06.2026

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде университеттің білім беру қызметін жетілдіру, қабылдау науқанын ұйымдастыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, кадрлық саясатты жүзеге асыру және ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты маңызды мәселелер қаралды.

https://www.facebook.com/reel/2221031322029970
Күн тәртібіне сәйкес біріінші мәселе бойынша Академиялық мәселелер және оқу үдерісінің сапасы жөніндегі департамент директоры Наукенова А.С. университеттің жоғары мектептері мен факультеттерінде оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерінің қолданылуы туралы кеңінен баяндады. Мұнда білім беру үдерісін цифрландыру, интерактивті оқыту құралдарын енгізу және білім сапасын арттыру бағытындағы жүзеге асырылып жатқан жұмыстар талқыланды. Мұнан соң Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры Заурбеков Т.Т. университеттің 2026 жылғы қабылдау науқанын өткізуге дайындық барысы жөнінде баяндап, талапкерлерді тарту және кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейту мәселелеріне тоқталды.
Жастар орталығының директоры Анарханұлы Е. мен студенттік омбудсмен Сағынтай С.Қ. 2025-2026 оқу жылындағы студенттік кеңестің атқарған жұмыстары мен студенттік өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі міндеттері туралы баяндады. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Жұмысқа орналастыру және құзыреттілік орталығының директоры Аубакирова Т.С. университеттің даму стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан «Alumni Upgrade» бағдарламасының жүзегее асырылу барысы туралы баяндап, жаңа бағдарламалармен таныстырды.. Адами ресурстарды дамыту департаментінің директоры Даулетов А.М. университеттің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, кадрлық әлеуетті нығайту және қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету шараларына тоқталды.
Сонымен қатар отырыста Ғылыми кеңес құрамына өзгерістер енгізу, университет ОПҚ-ны «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағына ұсыну, ОПҚ-ның монографияларын, оқулықтары мен оқу құралдарын баспадан шығаруға ұсыну, диссертациялық кеңестердің қызметін ұйымдастыру, докторантураның БББ-сы топтарына қабылдау емтихандарының сұрақтары мен эссе тақырыптарын бекіту және т.с.с. маңызды мәселелер қарастырылды.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.