Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ӘУЕЗОВ СТУДЕНТТЕРІ «ШЫМКЕНТ–ТОРҒАЙ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ
Жаңалықтар

ӘУЕЗОВ СТУДЕНТТЕРІ «ШЫМКЕНТ–ТОРҒАЙ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ

15.06.2026

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері ұлы ағартушы, педагог, этнограф және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Шымкент–Торғай» тарихи-танымдық экспедициясына аттанды. Экспедиция құрамындағы оқу ордамыздың ғалымдары мен 50-ден астам студенті түс қайта жолға шықты.
Экспедицияның басты мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметін кеңінен таныстыру. Сонымен қатар, студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштік рухын нығайту көзделіп отыр.
Сапар алдында қатысушылармен кездескен университет ректорының міндетін уақытша атқарушы Ғани Бесбаев бұл экспедицияның жастар үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Ол студенттерге сәтті сапар тілеп, тарихи мекендерден мол әсер мен құнды тәжірибе жинап оралуларына тілектестік білдірді.
Экспедиция барысында студенттер қазақ халқының тарихы мен руханиятында ерекше орын алатын киелі мекендер мен мәдени-тарихи нысандарды аралайды. Атап айтқанда, Торғай өңіріндегі Ыбырай Алтынсарин музейінде болып, ағартушының өмірі мен шығармашылық мұрасына қатысты құнды мәліметтермен танысады. Сонымен қатар, қазақтың көрнекті тұлғаларына байланысты тарихи орындарды аралап, олардың ел дамуына қосқан үлесі мен өнегелі өмір жолы туралы мол мағлұмат алады.
Шымкент-Түркістан-Қызылорда-Жезқазған-Ұлытау-Арқалық-Қостанай-Қарабұтақ-Арал-Байқоңыр-Қызылорда-Түркістан-Шымкент бағытындағы 8 күндік экспедиция барысында атқарылған жұмыстар мен қатысушылардың әсерлері туралы толық мәлімет күн сайын оқырмандар назарына ұсынылып отырады.
Атап өтейік, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған осындай тарихи-танымдық экспедициялар мен тағылымды сапарларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Өткен жылы университет жастары қасиетті Ұлы Абай өмірге келген Семей өңіріне сапар шегіп, ел тарихымен, ұлт зиялыларының мұрасымен терең танысу мүмкіндігіне ие болған еді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.