Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ
Жаңалықтар

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

15.06.2026

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев бастаған делегация Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында өңір жастарына кәсіби бағдар беру, университеттің білім беру мүмкіндіктерін таныстыру және талапкерлер мен олардың ата-аналарына кеңес беру жұмыстары жүргізілуде.
1937 жылы негізі қаланған Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті еліміздегі педагог кадрларды даярлау ісінде өзіндік орны бар жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Бүгінде университетте 8305 білім алушы білім алып, бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша мамандар даярлануда.
Университетте 18 ғылым докторы, 173 ғылым кандидаты, 33 PhD докторы және 153 магистрден тұратын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қызмет атқарады. Қазіргі таңда оқу орнында 55 бакалавриат, 22 магистратура және 14 докторантура білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.
Жоғары оқу орны білім беру сапасын арттырумен қатар, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Университеттің 3123 орындық жатақхана қоры қалыптасқан және білім алушылар жатақханамен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы студенттерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, түрлі жеңілдіктер қарастырылған.
Университет құрамында 6 факультет, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты, Жүсіпбек Аймауытов атындағы колледж, әскери кафедра, ғылыми-зерттеу орталықтары мен заманауи зертханалар жұмыс істейді. Білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 58 оқу-әдістемелік зертхана мен шеберхана қызмет көрсетеді.
Халықаралық ынтымақтастық бағытында университет Польша, Чехия, Түркия, АҚШ және өзге де мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан. Сонымен қатар университет базасында Түркия Республикасының беделді жоғары оқу орындарының бірі – Гази университетінің филиалы жұмыс істейді.
Жаңаөзен қаласындағы кәсіби бағдар беру жұмыстары барысында талапкерлерге білім беру бағдарламалары, мемлекеттік гранттар, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, студенттік өмір және университеттің артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылады.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті өңірлермен байланысты нығайтуға, жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсетуге және білікті педагог мамандар даярлау ісін одан әрі дамытуға басымдық беріп келеді.
Университет өкілдері кәсіби бағдар беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын 2026 жылғы 14 маусымға дейін жалғастырады. Осы уақыт аралығында талапкерлер мен олардың ата-аналарына арналған қабылдау және кеңес беру жұмыстары Жаңаөзен қаласының Оқушылар шығармашылық үйінің мәжіліс залында жүргізіледі.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.