Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫ ҮШІН ҮЙІРМЕЛЕР АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫ ҮШІН ҮЙІРМЕЛЕР АШЫЛДЫ

16.06.2026

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылды «Балалардың құқықтарын қорғау жылы» деп жариялауына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбековтің бастамасымен әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің балаларына арналған түрлі бағыттағы үйірмелер өз жұмысын бастады.

Бастаманың негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің балаларын жан-жақты қолдау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.

Осы мақсатта әскери оркестрдің материалдық-техникалық мүмкіндіктері мен кәсіби мамандарының әлеуеті кеңінен пайдаланылуда. Балалар үшін музыкалық аспаптар бойынша домбыра, гитара, барабан, фортепиано және үрмелі аспаптар үйірмелері, вокал, театр және көркемсөз оқу, бейнелеу өнері, сондай-ақ спорттық бағыттағы самбо, дзюдо, қазақ күресі, шахмат және кітап оқу үйірмелері ашылды. Қазіргі таңда аталған үйірмелерге 8 бен 16 жас аралығындағы 200-ге жуық жасөспірім жазылып, өздерінің қызығушылықтарына сәйкес бағыттарды таңдауда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салихбаевтың айтуынша, бұл бастама балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және олардың тұлғалық қалыптасуына оң ықпал етеді.

– Біз әскери қызметшілердің балаларын жан-жақты дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Үйірмелер арқылы жас ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өнер мен спортқа қызығушылығын арттыру көзделген. Сонымен қатар әскери оркестрдің материалдық-техникалық базасы мен кәсіби мамандарының әлеуетін тиімді пайдалану арқылы балаларға сапалы қосымша білім беруге мүмкіндік жасалуда. Мұндай жұмыстар олардың бос уақытын пайдалы өткізуіне ғана емес, патриоттық құндылықтарды бойына сіңіріп, жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеуге де ықпал етеді, – деді полковник Атабек Салихбаев.

Үйірмелер аясында балалар музыка мен өнердің, спорттың қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, әскери-патриоттық бағыттағы шығармалар мен репертуарларды игеруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар «Жас дирижер» теориялық үйірмесінде нотажазу негіздері, музыка тарихы және әскери марштардың ерекшеліктері оқытылады.

Сабақтар әскери бөлімдердің арнайы жабдықталған оқу сыныптары мен үйірме бөлмелерінде өткізіледі. Оқу-жаттығу үдерісі тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен ұйымдастырылған.

Балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған мұндай үйірмелер олардың рухани дүниесін байытып, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Өнер мен спортқа баулу арқылы жасөспірімдердің бойында еңбекқорлық, табандылық, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттер қалыптасады. Сондықтан әскери бөлімдердегі бұл бастама әскери қызметшілердің отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың маңызды тетігі болып қана қоймай, саналы, білімді әрі белсенді жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған игі жоба ретінде өз жалғасын табатын болады.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.