Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»САРАПШЫЛАРМЕН ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕРДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЖАҚСАРТУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

САРАПШЫЛАРМЕН ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕРДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЖАҚСАРТУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.06.2026

Бүгін М. Әуезов атындағы ОҚУ-не Орталық Азия білім беру аккредитациясы қауымдастығының (САААЕ) сарапшысы М.М. Бүркітбаев пен ғылым және білім беру үдерістерін ұйымдастыру мен басқару саласының консультанты, IT сарапшы М.М.Акоев жұмыс сапарымен келді. Басшылық құраммен өткен кездесуден кейін сарапшылар Жоғары мектептер, факультет декандары және құрылымдық бөлім басшыларымен кездесті.
Кездесуде сарапшылар университеттің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғылыми жарияланымдардың сапасын жақсарту және әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерді көтеру мәселелері бойынша маңызды ұсыныстарын ортаға салды.
Атап айтқанда, факультеттер деңгейінде жұмыс берушілердің байланыс базасын қалыптастыру, түлектермен жүйелі жұмысты күшейту және олардың кәсіби жетістіктерін қадағалау тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, университеттің ғылыми дәйексөзделу көрсеткішін арттыру, зерттеушілерді жоғары рейтингті Q1–Q2 журналдарында жариялануға бағдарлау және Web of Science Core Collection мен Scopus базаларында индекстелетін сапалы мақалаларға басымдық беру мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында сарапшылар университеттің халықаралық рейтингтердегі орны білім беру сапасы, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі, академиялық ортадағы белсенділік және халықаралық ынтымақтастық деңгейі сияқты бірқатар маңызды көрсеткіштер арқылы бағаланатынын атап өтті. Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыстарды күшейту жоғары оқу орнының әлемдік білім кеңістігіндегі танымалдығын арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.
Сарапшылар білім беру бағдарламаларының мазмұнын еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкестендіру, халықаралық тәжірибелерді енгізу және білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелеріне де назар аударды. Сонымен қатар факультеттер мен құрылымдық бөлімдердің рейтингтік көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын қалыптастыруының маңыздылығы атап өтілді.
Ғылыми бағыт бойынша кездесуде зерттеушілердің жарияланым белсенділігін арттыру, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту және шетелдік ғылыми орталықтармен әріптестікті нығайту жолдары талқыланды. Сарапшылар сапалы ғылыми еңбектердің университеттің беделін арттырудағы рөліне тоқталып, зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде танытудың тиімді тәсілдері бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ цифрлық трансформация үдерістерін жетілдіру, басқару жүйесінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану және деректер негізінде шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылды. IT бағытындағы сарапшылар университеттің цифрлық инфрақұрылымын дамыту және басқару процестерін оңтайландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу соңында қатысушылар университеттің стратегиялық даму бағыттарын жетілдіру, халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерді арттыру және білім мен ғылым саласындағы бәсекеге қабілеттілікті күшейту бойынша бірқатар ұсыныстарды талқылады. Сарапшылардың тәжірибесі мен ұсыныстары университеттің даму жоспарына жаңа серпін беріп, алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі жетістіктерді арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.