Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»САУРАН АУДАНЫНАН 1000 БАЛА «БАЛАУСА» ЛАГЕРІНДЕ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНАН 1000 БАЛА «БАЛАУСА» ЛАГЕРІНДЕ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

23.06.2026

Түркістан облысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің 2026 жылғы жазғы маусымы салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысып, балаларға ізгі тілегін білдірді. Іс-шара барысында лагерь демалушыларының шығармашылық жұмыстары таныстырылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сауран ауданы бойынша 2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде жалпы 1000 баланы қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Жазғы маусымның алғашқы онкүндігінде Сауран ауданынан 100 бала лагерьде демалып қайтса, қазіргі таңда екінші ауысымда 150 бала тынығуда. Жоспарға сәйкес жаз мезгілінің соңына дейін барлық 1000 бала кезең-кезеңімен лагерьде демалып, сауықтыру және тәрбиелік шаралармен қамтылатын болады.

Лагерьге жолдамалар беру кезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға басымдық берілген.

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда. Осы мақсатта лагерь аумағында тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған. Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Сонымен қатар Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан лагерьдің санитариялық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Сауран аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Демалушыларға сақтық шараларын сақтау жөнінде тұрақты түрде ақпарат берілуде.

Айта кету керек, Түркістан қаласы білім бөлімінің «Балалар қолөнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты балаларға арналған жазғы сауықтыру лагеріне қатысты құжаттар санитариялық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан зерделеніп, тиісті тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде лагерьге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріліп, балаларды қабылдауға рұқсат етілді.

Қазіргі таңда лагерьде балалардың сапалы демалуы, денсаулығын нығайтуы, бос уақытын тиімді өткізуі және шығармашылық қабілеттерін дамытуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. «Балауса» лагері жазғы демалыс кезеңінде балалардың жарқын естеліктерге толы, қауіпсіз әрі мазмұнды демалыс өткізуіне мүмкіндік беруде.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.