Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – 2026»: БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК АЛАҢ
Жаңалықтар

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – 2026»: БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК АЛАҢ

23.06.2026

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 23–25 маусым аралығында профессор-оқытушылар құрамына арналған «Жазғы мектеп – 2026» бағдарламасы өз жұмысын бастады. «Білім сапасын арттырудың ғылыми-әдістемелік негіздері: оқыту мен бағалаудағы жаңа бағыттар» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – жалпы орта білім беру жүйесіндегі соңғы өзгерістерді талқылау, білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарын саралау, оқыту мен бағалаудың заманауи тәсілдерін зерделеу және тәжірибе алмасу.
Жазғы мектептің ашылуында университеттің Басқарма мүшесі – академиялық істер жөніндегі проректоры Ж. Жылбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, білім беру сапасын арттырудағы ғылыми-әдістемелік жұмыстардың маңыздылығына тоқталды Бағдарламаның алғашқы күнінде білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Атап айтқанда, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім мазмұны институтының Жаратылыстану-математика бағыты пәндері және STEM-технологиясы зертханасының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Жұмағұлова «Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттардың жаңартылуы мен олардың практикалық маңызына тоқталды.
Ал Орта білім мазмұны институты директорының орынбасары Пернегүл Таубай бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстырып, білім мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарын түсіндірді. Университеттің Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Күлсара Махмұтова «Жасанды интеллект дәуіріндегі академиялық адалдық және білімді объективті бағалау мәселесі» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы жағдайындағы академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану ғылымдарының магистрі Ақмарал Байдлаева «Буын арасындағы танымдық айырмашылықтар: цифрлық дәуірдегі студенттердің ойлау ерекшеліктері және жаңа буынды қалай оқытамыз?» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі студенттердің когнитивтік ерекшеліктері мен оларды оқытудың тиімді әдістері туралы ой бөлісті. Жазғы мектеп аясында орта білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері, мемлекеттік білім беру стандарттарындағы өзгерістер, академиялық адалдық, білім сапасын бағалаудың заманауи тәсілдері, цифрлық технологиялар мен STEM білім беру мүмкіндіктері жан-жақты талқылануда.
Үш күнге жоспарланған бағдарлама жоғары және орта білім беру арасындағы сабақтастықты нығайтуға, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселелерді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талқылауға мүмкіндік бермек.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.