Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»М.ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ӨНДІРІС, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ӨНДІРІС, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

29.06.2026

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жетекші өкілдері Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен Қытай мен Орталық Азия елдерінің өндіріс, білім беру, ғылыми зерттеулер және практикалық қолдану салаларындағы ынтымақтастық конференциясына қатысты.
Конференция барысында Қытай мен Орталық Азия жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-зерттеу байланыстарын дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру және академиялық әріптестікті кеңейту бағытында екі жақты келісім-шарт негізінде маңызды мәселелер талқыланды. Басқосу аясында білім беру жүйесін жетілдіру, инновациялық зерттеулерді қолдау, өндіріс орындары мен жоғары оқу орындарының өзара ықпалдастығын күшейту, сондай-ақ ғылым нәтижелерін өндіріске енгізудің тиімді тетіктері жан-жақты қарастырылды.
Конференцияға қатысушылар қазіргі заманғы жоғары білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлықты кеңейту, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың тәжірибе алмасуын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ғылыми жарияланымдар санын арттыру мәселелері де күн тәртібінен орын алды.
Іс-шара барысында университет өкілдері Қытайдың жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының басшыларымен кездесулер өткізіп, өзара ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты. Тараптар ғылым, білім және инновация бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, тәжірибе алмасудың екі елдің жоғары білім жүйесіне оң ықпал ететінін жеткізді.
Бұл қадам М. Әуезов университетінің халықаралық ынтымақтастығын арттырып, білім беру мен ғылым саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар, мұндай халықаралық алаңдар университеттің ғылыми әлеуетін нығайтуға, шетелдік серіктестермен ұзақ мерзімді байланыстар орнатуға және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобаларының санын көбейтуге ықпал етеді. Конференция қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер алдағы уақытта бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға, инновациялық бастамаларды қолдауға және өндіріс, білім беру мен ғылым арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге негіз болады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.