Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

29.06.2026

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Басқарма Төрағасы – ректор м.у.а. Ғани Бесбаевтың төрағалығымен 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды Ғылыми кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысының алдында білім мен ғылым саласында жетістіктерге жеткен университет қызметкерлері мен білім алушыларына төсбелгілері мен дипломдары, сонымен қатар «Zhas Galym – 2026» университетішілік ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарына 3 миллион теңге көлеміндегі ғылыми гранттары салтанатты түрде тапсырылды.
Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе бойынша Студенттік мәселелер жөніндегі департамент директоры Төребек Е.Ж. 2025–2026 оқу жылындағы бакалавриат және магистратура білім алушыларының көктемгі емтихан сессиясының нәтижелеріне жан-жақты талдау жасап, оқыту сапасын арттыру жолдары туралы баяндады. Мұнда өткен оқу жылымен салыстырмалы талдау жасау негізінде, ЖМ/факультет білім алушыларының оқу жетістіктері сараланып, оқыту сапасын онан әрі арттыру мақсатындағы ұсыныстар берілді.
Стратегиялық даму департаментінің директоры Джунусбекова С.Ш. «2025- 2026 оқу жылының қорытындысы бойынша KPI-ға сәйкес ЖМ/факультеттер мен кафедралардың қызметін бағалау туралы» баяндамасында әрбір құрылымдық бөлімнің университеттің стратегиялық жоспарын жүзеге асырудағы негізгі сандық және сапалық көрсеткіштеріне жан-жақты талдау жасап, мұндағы тәуекелдер мен өзекті мәселелерге ерекше назар аударды.
Үшінші мәселе аясында комиссия төрағасы Айменов Ж.Т. Ғылыми кеңестің 2025-2026 оқу жылының екінші жартыжылдығында қабылданған шешімдерінің орындалуы туралы есеп берді. Мұнан соң Академиялық мәселелер және оқу үдерісінің сапасы жөніндегі департамент директоры Наукенова А.С. 2026–2027 оқу жылына арналған оқытушы -профессорлар құрамы педагогикалық жүктемесінің көлемі мен штаттық кестесін (1-курсты ескермегендегі) бекіту мәселесін талқыға салды.
Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша Қаржы департаменті директоры м.у.а. Байтохаева А.К. университеттің 2025 жылғы қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебінде оқу орнының кірістері мен шығыстары туралы баяндады. «Auezov University Endowment Fund» эндаумент-қорының атқарушы директоры Мұхамедханова А.Б. университеттің эндаумент-қорының қызметін дамыту бағытында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар Ғылыми кеңес отырысында университетОПҚ-ны «қауымдастырылған профессор (доцент)», «профессор» ғылыми атақтарына ұсыну, ОПҚ-ның монографияларын, оқулықтары мен оқу құралдарын баспадан шығаруға ұсыну, университет ОПҚ-ны мемлекеттік наградаға ұсыну, жаңадан құрылған диссертациялық кеңестің тұрақты құрамының міндеттерін бекіту, докторанттардың ғылыми кеңесшілерін қайта бекіту және т.с.с. маңызды мәселелер қарастырылды.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.