Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ЖЕТІСАЙДА ЖУРНАЛИСТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ЖУРНАЛИСТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

02.07.2026

Жетісай ауданында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты кездесу ұйымдастырылып, өңірдің ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген журналистер мен сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Мерекелік басқосу – ақпарат кеңістігінің айнасына айналған қалам иелерінің еңбегін бағалап, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін айшықтаған тағылымды шара болды.
Журналистермен өткен кездесуге Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов қатысып, телеарна, мерзімді басылымдар, ақпараттық порталдар өкілдерін және сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бүгінгі ақпарат дәуірінде журналистиканың орны бұрынғыдан да маңызды екенін атап өтті.
«Аудандық бұқаралық ақпарат құралдары әрдайым жоғары жауапкершілікпен және кәсіпқойлығымен ерекшеленіп келеді. Бүгінде Жетісайда бір телеарна, бес мерзімді басылым және көптеген ақпараттық порталдар заман талабына сай жұмыс істеп, жаңа медианы тиімді игеруде. Олар елдік мүддені қорғап, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға, халық пен билік арасындағы сенімді байланысты қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келеді. Осындай маңызды міндетті абыроймен атқарып жүрген барша журналистерге шынайы ризашылығымды білдіремін! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен толайым жетістіктер тілеймін!» деген аудан басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін алғыс хаттармен марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Журналистер арасында өткен байқау жеңімпаздарына қаржылай ұтыстарын табыс етті.
Қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, елдің мұң-мұқтажын билікке жеткізетін, мемлекеттік саясаттың мәнін тұрғындарға түсіндіретін журналистердің еңбегі қай кезеңде де ерекше бағаланған. Әсіресе, цифрлық технологиялар қарқынды дамыған бүгінгі уақытта ақпараттың жеделдігімен қатар оның нақтылығы мен шынайылығы бұрынғыдан да үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы тұрғыда Жетісай ауданындағы бұқаралық ақпарат құралдары кәсіби ұстанымынан айнымай, өңірдің тыныс-тіршілігін жан-жақты насихаттап келеді.
Аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ермеков қатысқан кездесу тәжірибелі қаламгерлер мен жас буын журналистердің сабақтастықтығына, өңір журналистикасының болашағына деген сенімді нығайтып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Көтеріңкі көңіл-күйге толы концерт қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, мерекенің мәнін арттыра түсті.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.