Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ЖАҢА ЗАҢ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ РӨЛІ
Жаңалықтар

ЖАҢА ЗАҢ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ РӨЛІ

03.07.2026

1 шілде – Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияның күшіне енген күніне орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Конституциялық реформалар – Әділетті Қазақстанның берік негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырулар мен конституциялық реформалардың нәтижелерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ әділетті, заңды, жауапкершілік пен қоғамдық бірлік қағидаттарының қоғамда нақты іске асырылуын түсіндіру болды.
«Дөңгелек үстелге» университет Басқарма мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, студенттер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүргізген жиын барысында «ӘDILET» партиясы Шымкент қалалық филиалы басшысының орынбасары Ербол Байқонысов Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі айрықша рөліне тоқталды. Ал, баяндамашылар, университет оқытушы-профессорлары Дәулетбай Бердалиев, Айнұр Нұрмаханбетова, Мәди Бесбаев , Бекайдар Тойлыбаев, Мұзафархан Темірханов, Балагүл Сағындықова, Бекмұрат Найманбаев, Нариман Нұрпейсов соңғы жылдары жүргізілген конституциялық реформалардың елдің демократиялық дамуындағы маңызы жөнінде пікір алмасты.
Баяндамашылар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, реформалардың нәтижесінде халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктері кеңейіп, қоғамдық диалогтың жаңа тетіктері қалыптасып келе жатқаны айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтіп, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ әділетті қоғам құру жолында әрбір азаматтың заңға құрметпен қарап, өз жауапкершілігін сезінуі маңызды екені айтылды. Іс-шара соңында қатысушылар Конституциялық реформалардың елдің орнықты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудағы маңызын атап өтіп, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.