Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ДОМБЫРА ҮНІ ШЫМКЕНТТІ ТЕРБЕДІ
Жаңалықтар

ДОМБЫРА ҮНІ ШЫМКЕНТТІ ТЕРБЕДІ

04.07.2026

Қадыр ақынның «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөзі халқымыздың болмысын бір ауыз сөзбен айқындап бергендей. Домбыра қазақтың жаны, тарихы мен тағдырын, қуанышы мен мұңын, рухы мен дүниетанымын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті ұлттық аспап. Қос ішектен төгілген әрбір күй халқымыздың өткені мен бүгінінен сыр шертеді. Елімізде 2018 – жылдан бері шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді.
Шымкентте Ұлттық домбыра күні сән-салтанатымен басталды. Қала тұрғындары мен қонақтары Шым қала тарихи-мәдени кешенінің Этноауыл аумағына жиналды. Ол жерде «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты шара өтті.
Мерекелік шарада кітап көрмелері, қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрмелер қойылыпты. Келушілер халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысып, тамашалады. Сондай-ақ, домбыра жасау шеберлері шеберлік сағаттарын өткізіп, ұлттық қолөнердің қыр-сыры көрсетіліп, қазақы дәстүрдің үзілмес сабақтастығын көрсетті.
Дәл осы алаң көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Өз ісінің майталмандары Дастан Шаменов, Нұрперзент Үсенов, Нұрлыбек Шәкенұлы, Ержан Шәкенұлы сынды белгілі шеберлер ұлттық аспапты жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Отыз жылдан астам уақытын домбыра жасауға арнаған Дастан Шаменов пен Нұрперзент Үсеновтің айтуынша, бүгінде ұлттық аспапқа деген сұраныс өте жоғары екен.
«Домбыра – қазақтың жаны. Оның қадірі ешқашан төмендеген емес. Қазір домбыра үйренуге құмар, ұлттық өнерге қызығатын жастар көбейді. Соған сай ұлттық аспапқа деген сұраныс та жоғары» дейді шеберлер.
Бүгін дәл осындай жастар, атап айтқанда,қала мектептерінен домбыра үйірмесінің 100-ден аса шәкірттері жиналып, жайылған қызыл кілем үстінде күй тартты. Күй тартып қана қоймай, шеберлердің тәлімді сабағын тыңдады. Шара барысында қолөнер иелері өз жұмыстарын таныстырып, ұлттық мұраны сақтаудың маңызын кеңінен насихаттады.

Кештің тағы бір әсерлі сәті, домбыраны ерекше сезіммен күмбірлете шертіп отырған сары шашты шетелдік бойжеткен жұрт назарын бірден өзіне аударды. Ол 23 жасар Швециядан келген София Рова есімді қыз. София бес жыл бойы өз елінде интернет арқылы домбыра тартуды өз бетінше үйренген. Қазақтың күй өнеріне қызығушылығы артып, Қазақстанға арнайы келіпті. Оның басты мақсаты домбыраның тарихын тереңірек зерттеп, орындаушылық шеберлігін жетілдіру екен. Софияны Қазақстанмен байланыстыратын тағы бір ерекше жайт бар. Ол интернет арқылы қазақ жігітімен танысқан. Бүгінде қазақ досы Софияның ұлттық өнерге деген қызығушылығын қолдап, сапары барысында жанынан табылып жүр.
Ұйымдастырушылар мерекелік іс-шараның Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне ену кезеңімен сабақтастырыла ұйымдастырылғанын атап өтті.
Мерекелік кештің көркін «Шымкент концерт» концерттік ұйымының «Қаратау» фольклорлық ансамблі орындаған халық күйлері мен дәстүрлі әншілердің жанды дауыста шырқалған терме-толғаулары және халық әндері аша түсті. Этноауылдың самалы мен «Қаратау» ансамблінің репертуары өзара үйлесім тапқан, ашық аспан астында ерекше концерт өтті.

Ұлттық домбыра күніне арналған мерекенің басты мақсаты қазақтың қасиетті аспабының тарихи әрі рухани құндылығын кеңінен дәріптеу, ұлттық мұраны жас ұрпақтың санасына сіңіру және күй өнеріне деген құрметті арттыру. Қос ішектен төгілген күмбір күй, қолөнердің көркі, ұлттық рух пен жастардың қызығушылығы тоғысқан бұл мереке тағы бір мәрте домбыраның қазақ халқы үшін жай ғана музыкалық аспап емес, ұлттың жаны мен рухы екенін айқын аңғартты.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.