Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР МҰХТАР ТӨЛЕГЕН ШЫРШЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
    Жаңалықтар

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР МҰХТАР ТӨЛЕГЕН ШЫРШЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    07.08.2026

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласындағы университет филиалына жұмыс сапарымен барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

    Шыршық филиалы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен, 2023 жылғы үкіметаралық келісімдер негізінде және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауы аясында ашылды.

    Сапар барысында ректор алдымен филиалдың Қабылдау комиссиясының жұмысын көріп, талапкерлерге көрсетіліп жатқан қызмет сапасына назар аударды. Сондай-ақ филиалдың материалдық-техникалық базасын, оқу аудиториялары мен зертханаларын аралап, білім беру үдерісіне жасалған жағдайлармен танысты.

    Кездесу барысында филиалдың алдағы даму бағыттары, білім беру сапасын арттыру, академиялық ұтқырлықты кеңейту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Ректор филиал қызметінің университеттің жалпы стратегиялық даму жоспарларымен сабақтас екенін атап өтіп, білім алушыларға сапалы білім беруге қажетті жағдайларды одан әрі жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

    Жұмыс сапары аясында Мұхтар Әділбекұлы ұжымға Шыршық филиалының жаңа директоры Айтуреев Мұрат Жарылқасынұлын таныстырды. Меритократия қағидаты негізінде басшылық қызметке тағайындалған техника ғылымдарының кандидаты Мұрат Жарылқасынұлы университетімізде 34 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның ұзақ жылғы тәжірибесі мен кәсіби білімі филиалдың жаңа даму кезеңінде маңызды рөл атқарады.

    Сонымен қатар ректор филиалдың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосып, оның ашылу кезеңінде ауқымды еңбек сіңірген Қожамжарова Дария Пернешқызына шынайы ризашылығын білдірді. Филиалдың іргетасын қалыптастыруға атсалысқан мамандардың еңбегі оқу орнының бүгінгі қызметімен тікелей сабақтас екені атап өтілді.

    Атап өтейік, Шыршық филиалы – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақтың ортақ ғылыми және кадрлық болашағын нығайтатын стратегиялық білім беру орталығы. Филиалда техникалық, IT-технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі бағыттары бойынша білікті кадрлар даярланады.

    Филиалдың Шыршық қаласында орналасуы екі ел арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды дамытуға қолайлы мүмкіндік береді. Мұнда білім алушылар заманауи өндіріс салаларына қажетті кәсіби дағдыларды меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға жағдай алады. Әсіресе техникалық және IT бағыттарының дамуы өңірдің еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік бермек.

    Алдағы кезеңде академиялық ұтқырлықты дамыту, профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру филиал қызметінің басым бағыттарының бірі болмақ. Бұл бастамалар Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары білім беру ұйымдары арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтып, ортақ ғылыми және білім беру жобаларының көбеюіне жол ашады.

    Жұмыс сапары барысында филиалдың қазіргі әлеуеті мен алдағы даму мүмкіндіктері сараланып, оқу орнының білім беру, ғылыми және халықаралық бағыттағы қызметін жетілдіруге қатысты нақты міндеттер айқындалды. Шыршық филиалының жүйелі дамуы екі ел арасындағы білім мен ғылым саласындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды тетіктерінің бірі болмақ.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.