Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ОҚПУ ҒАЛЫМЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПЕДАГОГТЫҢ СЕНІМДІ КӨМЕКШІСІНЕ АЙНАЛДЫРАТЫН ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАҚ
    Жаңалықтар

    ОҚПУ ҒАЛЫМЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПЕДАГОГТЫҢ СЕНІМДІ КӨМЕКШІСІНЕ АЙНАЛДЫРАТЫН ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАҚ

    12.08.2026

    Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымдары жасанды интеллектті педагогтың сенімді көмекшісіне айналдыратын жаңа ғылыми жобаны жүзеге асырмақ. Қазір мектепте мұғалімнің міндеті тек білім берумен шектелмейді. Ол — оқушының жеке дамуын бақылап, оның әлеуметтік-эмоционалдық жағдайын дер кезінде байқап, қажетті қолдау көрсете алатын маман. Алайда әрбір оқушының көңіл күйі мен психологиялық ахуалын күнделікті бақылау оңай емес. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру саласында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану өзекті бағыттардың біріне айналып отыр.

    Жобаның ғылыми жетекшісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Перизат Әбдіразованың айтуынша,  зерттеу барысында педагогика, психология және жасанды интеллект бағыттары біріктіріліп, оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық жағдайын талдауға және болжауға арналған интеллектуалды шешімдер әзірленеді. Ғалымдар жасанды интеллект көмегімен мұғалімдердің зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға, сондай-ақ білім беру үдерісінде ғылыми негізделген шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыруға басымдық беріп отыр.

    Жоба аясында әлеуметтік-эмоционалдық жағдайды бағалаудың халықаралық тәжірибесі зерттеліп, арнайы деректер базасы жасақталады. Соның негізінде талдау және болжау алгоритмдері әзірленіп, мектептерде тәжірибелік сынақтан өткізіледі. Сонымен қатар педагогтерге арналған оқу-әдістемелік материалдар әзірленіп, оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырылмақ.

    Жоба нәтижесінде халықаралық деңгейдегі ғылыми жарияланымдар дайындалып, білім беру саласына арналған инновациялық әдістемелік ұсынымдар әзірленеді. Сондай-ақ жас ғалымдарды даярлау, ғылыми семинарлар өткізу және мектептерде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәжірибесін қалыптастыру көзделген. Бұл зерттеу мұғалімнің орнын жасанды интеллектпен алмастыруды емес, керісінше, оны заманауи технологиялармен қолдауды мақсат етеді. Ғалымдардың пікірінше, AI құралдары педагогке оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге, тәуекелдерді ертерек анықтауға және ғылыми дәлелдерге сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Университетте жүзеге асырылып жатқан бұл жоба білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау үдерісіне үлес қосып қана қоймай, мұғалімдердің кәсіби әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталмақ.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.