Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРАРЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРАРЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

    13.08.2026
    Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында орналасқан «Baidibek Agro» шаруа қожалығында халықаралық маңызы бар аграрлық жоба жүзеге асырылуда. Аталған бастама өңірдегі сүтті бағыттағы мал шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге және халықаралық тәжірибені жергілікті өндіріс процесіне енгізуге бағытталған.
    Жоба аясында Түркістан облысына Senior Experten Service (SES) халықаралық бағдарламасы арқылы Германия Федеративтік Республикасынан жоғары білікті аграрлық сарапшы Йозеф Фёгеле арнайы шақырылды. Бұл – жергілікті кәсіпкерлер үшін әлемдік тәжірибені тікелей өндіріс алаңында меңгеруге берілген бірегей мүмкіндік.
    Аталған жобаны жүзеге асыруда «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы маңызды рөл атқарды. Мекеме директоры Берік Кенжебаевтың айтуынша, орталық тарапынан SES халықаралық ұйымымен байланыс орнату, қажетті құжаттарды рәсімдеу, шетелдік сарапшыны шақыру және жобаны үйлестіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде жергілікті кәсіпорын халықаралық сарапшының тәжірибесін өндірістік жүйеге тиімді енгізуге мүмкіндік алды.
    «Baidibek Agro» шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы саласында табысты жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі. Шаруашылықтың негізгі қызмет бағыттарына сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіру, мал бордақылау, егін шаруашылығы, сондай-ақ дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру кіреді. Кәсіпорын заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өндіріс тиімділігін арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін дамытуға үлес қосып келеді.
    SES бағдарламасы аясында шаруашылық басшылығы халықаралық сарапшының тәжірибесін пайдалана отырып, сүтті бағыттағы малдың өнімділігін арттыруды, азықтандыру жүйесін жетілдіруді, табынның генетикалық әлеуетін тиімді пайдалануды, жемшөп қорын ғылыми негізде ұйымдастыруды және өндірістік шығындарды төмендетуді көздеп отыр. Сонымен қатар, сүт сапасын жақсартып, өндіріс көлемін ұлғайту, фермадағы басқару жүйесін жетілдіру және халықаралық стандарттарға сай өндіріс мәдениетін қалыптастыру жоспарланған.
    Германиядан келген халықаралық аграрлық сарапшы Йозеф Фёгеле Алишер Ахметов басқарып отырған шаруашылықтың өндірістік үдерістерімен танысып, алғашқы жұмыс кездесулерін өткізді. Алдағы екі апта бойы ол кәсіпорын мамандарымен бірге жұмыс істеп, сүтті мал шаруашылығын тиімді ұйымдастыру, мал азығын басқару, ферма менеджменті және өндірістік көрсеткіштерді арттыру бағытында практикалық ұсынымдар береді.
    Бұл бастама Түркістан облысында халықаралық тәжірибені өндіріске енгізудің жарқын үлгісі саналады. Жоба өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жаңа серпін береді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.