Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАННЫҢ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CASPIAN HACKATHON ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАННЫҢ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CASPIAN HACKATHON ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

    13.08.2026
    Ақтау қаласында «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық іс-шарасы аясында халықаралық «Caspian Hackathon» хакатоны өтті.
    Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен байқауда Түркістан облысының атынан қатысқан «Қызыл жебе» командасы 8 елден келген 80 команданың арасынан үздік атанып, жеңімпаз атанды.
    Хакатонның негізгі мақсаты – Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға, өзекті экологиялық мәселелерді шешуге, сондай-ақ экологиялық және мұнай-газ салаларында инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған заманауи технологиялық және цифрлық шешімдерді әзірлеуге ықпал ету.
    Байқауға 200-ге жуық қатысушы қатысып, өз жобаларын ұсынды. Техникалық іріктеу нәтижесінде 30 команда финалдық кезеңге жолдама алып, өз жобаларын қазылар алқасының назарына ұсынды.
    Қатысушылар Каспий өңіріндегі экологиялық мониторинг, деректерді талдау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық тәуекелдердің алдын алу бағыттарында инновациялық цифрлық шешімдерін таныстырды.
    Түркістан облысының намысын қорғаған «Қызыл жебе» командасы «Caspian Intelligence» жобасын қорғап, жеңімпаз атанды. Команда құрамында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Коммерцияландыру офисі жанындағы YASAWI STARTUP бағдарламасының резиденттері мен университет мамандары бар.
    «Caspian Intelligence» – Каспий теңізіндегі үдерістерді автоматтандыруға және цифрландыруға бағытталған жасанды интеллект негізіндегі жоба. Жоба аясында теңіз саласына қатысты ақпараттарды жинақтау, өңдеу және талдау, сондай-ақ алынған деректер негізінде қажетті ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін арнайы алгоритмдер қарастырылған.
    Жоба Каспий теңізіне қатысты бірнеше бағытты біріктіретін цифрлық экожүйе ретінде әзірленуде. Платформа арқылы порт мамандары, инспекция қызметкерлері, құқық қорғау және басқарушы органдар қажетті аналитикалық ақпаратты жедел ала алады.
    Сонымен қатар жоба порттар арасындағы өзара байланысты жетілдіруді, теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және Каспий теңізіне қатысты түрлі үдерістерді автоматтандыруды көздейді.
    Жобаның басты ерекшелігі – әртүрлі деректерді бір жүйеге жинақтап, оларды талдау арқылы тиісті мамандар мен мемлекеттік органдарға нақты әрі жедел ақпарат ұсыну мүмкіндігі.
    Айта кетейік, Түркістан облысының командасына аталған жобаны әзірлеу және халықаралық байқауға қатысу барысында өңірдегі тиісті мекемелер тарапынан қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңір жастарының инновациялық жобаларын дамытуға және олардың халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуына қолдау білдірді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.