Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-НІҢ ШЫРШЫҚ ФИЛИАЛЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ КЕЛІСІМДЕР
Аймақ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-НІҢ ШЫРШЫҚ ФИЛИАЛЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ КЕЛІСІМДЕР

20.08.2026
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Шыршық қаласындағы филиалында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар маңызды кездесулер өтті.
Кездесулер барысында білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы өзара байланысты нығайту, халықаралық тәжірибені оқу үдерісіне енгізу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және студенттер мен оқытушылардың академиялық әрі практикалық тәжірибе алмасуын кеңейту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, филиал директоры Айтуреев Мұрат Жарылқасынұлы мен Шыршық мемлекеттік педагогика университетінің ректоры Мухамедов Гафурджан Исроилович ынтымақтастық туралы меморандум мен келісімге қол қойды. Құжаттар аясында бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асыру, академиялық алмасуды дамыту, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау көзделген.
Сонымен қатар, филиал басшылығы Suzhou University of Technology профессоры Мажидов Шохрух Ахмеддинұлымен кездесу өткізіп, оқу процесіне озық технологияларды енгізу, студенттердің теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастыру және еңбек нарығына қажетті заманауи кәсіби дағдыларды қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысында тараптар өзара тәжірибе алмасуды жалғастырып, филиал студенттері үшін халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді. Алдағы уақытта Suzhou University of Technology университетімен ынтымақтастық туралы меморандум жасау жөнінде Меморандум түзу туралы келісілді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.