Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»«Достық пен бірліктің символы»: Шымкент тұрғындары сайлауға қазақтың ұлттық киімдерімен келді
Жаңалықтар

«Достық пен бірліктің символы»: Шымкент тұрғындары сайлауға қазақтың ұлттық киімдерімен келді

23.08.2026

Бүгін Қаратау ауданындағы Ю. Сареми атындағы №107 мектеп-лицейде орналасқан №250 сайлау учаскесінде таңертеңнен бері ерекше ахуал қалыптасты. Мұнда дауыс беру процесі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп, азаматтық жауапкершілік сезімі айқын байқалды.

Сайлауға өзбек этносының өкілдері ерекше бастама көтеріп, шамамен 20 тұрғын дауыс беруге қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін киіп келді. Бұл әдемі бастама қазақ халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген шынайы құрметтің көрінісі болды. Сонымен қатар бұл Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерін біріктіретін достық пен өзара сыйластықтың символына айналды.

Жарқын ұлттық киімдер бүгінгі күнге ерекше салтанат сыйлап, қоғамымыздың басты құндылығы – бірлікті тағы бір мәрте айшықтай түсті. Бір сайлау учаскесінде тағдыры мен ұлты әртүрлі адамдар қатар тұр. Алайда олардың барлығын ел болашағына деген ортақ жауапкершілік біріктіреді.

Қазақстан – баршаға ортақ шаңырақ. Мұнда бір-бірінің мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарау қоғамдық келісімнің, өзара сенім мен тату көршіліктің негізіне айналған.

Бүгін №250 сайлау учаскесіндегі дауыс беру азаматтық борышты орындаумен қатар, құрмет, бірлік пен елге деген сүйіспеншіліктің қарапайым әрі шынайы істерден көрінетінінің жарқын мысалы болды. Өйткені бүгін – Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауы өтетін тарихи күн.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Имамсидиков Нодирханның айтуынша, аталған учаскеге барлығы 2179 сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 1800-ден астамы өз азаматтық таңдауын жасап үлгерген.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.