Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
    Басты ақпарат

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    13.09.2026

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды. Сапар барысында Мемлекет басшысы «БРИКС+» және «аутрич» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлеп, бірқатар мемлекеттердің жоғары лауазымды тұлғаларымен екіжақты кездесулер өткізді.

    Президент Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесіп, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар энергетика, көлік-логистика, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Даби Тақ мұрагерінің Астанаға жасаған сапарының маңызын атап өтіп, оның нәтижесінде екіжақты байланыстарды дамытуға бағытталған маңызды құжаттарға қол қойылғанын айтты. Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейтуге және өзара сауда көлемін арттыруға мүдделі екенін растады.

    Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды да қабылдады. Кездесу барысында арнайы өкіл АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жолдаған құттықтау хатын табыстады.

    Қазақстан Президенті АҚШ тарапына жылы лебізі үшін алғыс білдіріп, Дональд Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка стратегиялық серіктестігінің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

    Кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Серджио Гор өз кезегінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтіп, Вашингтонның Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

    Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті. Тараптар саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығы жоғары екенін атап өтті. Осы ретте екі елдің делегацияларын өзара жіберу, сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетті зерделеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

    Кездесуде Қазақстанда Эфиопиядан шай, кофе және гүл өнімдерін жеткізуге арналған хаб құру мүмкіндігі де қарастырылды. Абий Ахмед Қазақстан Президентін Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, Эфиопия Қазақстанның мемлекеттік институттарды дамыту тәжірибесіне қызығушылық танытатынын айтты.

    Эфиопия Премьер-министрі Қазақстанда елшілік ашу мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Абий Ахмедті Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

    Президенттің Нью-Делидегі кездесулері Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге, стратегиялық серіктестікті нығайтуға және инвестициялық жобаларды ілгерілетуге бағытталды. БРИКС саммиті аясындағы келіссөздер Қазақстанның Азия, Таяу Шығыс, Америка және Африка елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға басымдық беретінін көрсетті.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙЫП, 7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

    20.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙЫП, 7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН БІРГЕ ҚАЛАЙТЫН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ, АЛ ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

    20.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚУАТЫН АРТТЫРУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ

    20.11.2026

    Шымкентте «Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды

    20.11.2026

    Шымкент оқушылары MacBook ұтып ала алады: BilimClass оқушыларға қандай мүмкіндіктер ұсынады?

    20.11.2026

    Мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін пайдаланғысы келетін кәсіпкерлер үшін ақпараттың анықтығы мен қаржылық қауіпсіздік мәселесі айрықша маңызға ие. Осыған байланысты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ азаматтар мен кәсіпкерлерді Қордың атын жамылып, қаржылық қолдау алуға көмектесуді сылтау ететін алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.

    19.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.