Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    30.09.2026

    Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған Түркістан облысының спортшылары туған жерге оралды. Түркістандық спортшылар құрлықтық додада жоғары нәтижелер көрсетіп, ел қоржынына бағалы медальдар қосты.

    Академиялық есуден ерлер арасындағы қос қайық (M2−) бәсекесінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Азия ойындарының чемпионы атанды. Ал байдарка мен каноэде есуден екі бағдарламада бақ сынаған Ольга Шмелёва күміс және қола жүлдеге ие болып, Түркістан спортының мерейін үстем етті.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан халықаралық әуежайында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Тулебаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және туған-туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.

    Облыс әкімінің орынбасары спортшылардың жеңісін жоғары бағалады.

    – Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Жазғы Азия ойындары – құрлық спортшыларының басын қосатын ең ірі әрі беделді халықаралық спорт додаларының бірі. Облысымыздан 30-дан астам спортшы бақ сынауда. Нәтижесінде спортшыларымыз ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс және бір қола жүлде салды. Әліде үміт күтер спортшылар бар. Сіздер құрлықтың үздік спортшыларымен сайысқа түсіп, табандылық пен жоғары шеберлік көрсеттіңіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық және балалар спортын дамытуға, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге ерекше көңіл бөліп келеді. Осы орайда Түркістан қаласында салынған елімізде теңдесі жоқ Ескек есу арнасы спортшыларымызға серпін беріп отыр. Бүгінгі ескекшілеріміздің жеңісіне де осы нысанның қосқан үлесі мол. Осы сәтті пайдаланып, спортшыларымызға, олардың жаттықтырушылары мен ата-аналарына шынайы алғысымды білдіремін, – деді Ертай Алтаев.

    Қарсы алу рәсімінде спортшыларға құрмет көрсетіліп, олардың Азия ойындарындағы жарқын жетістіктері атап өтілді. Өз кезегінде елге олжалы оралған спортшылар қолдау білдірген барша жанға алғыстарын жеткізіп, алдағы халықаралық жарыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін аянбай еңбек ететіндерін айтты.

    Айта кетейік, өңірде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен спортшыларға тұрақты түрде қолдау көрсетіліп, спорт инфрақұрылымы дамып келеді. Ел намысын абыроймен қорғаған Владислав Яковлев пен Ольга Шмелёва – Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері. Ал Иван Чернухин – облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.