Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты Сырдария елді мекенінде «Түркістан тоқыма» ЖШС-нің тағы екі мақта өңдеу зауыты іске қосылды. Серіктестіктің алғашқы екі зауыты былтыр пайдалануға берілген болатын. Осылайша, кәсіпорынның төрт зауыты толық іске қосылып отыр.

    Жаңа өндіріс орындарының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырудағы мұндай жобалардың маңызына тоқталды.

    – Баршаңызды келе жатқан ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – еліміздің мемлекеттілігін нығайтып, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдейтін айрықша мереке. Осы мерейлі мереке қарсаңында мақта өңдеу кәсіпорындарының ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, жоғары қосылған құны бар дайын өнім өндіру және отандық өндірістің әлеуетін арттыру міндеттеріне айрықша мән беріп келеді. Бүгін пайдалануға беріліп отырған өндірістік нысандар – осы бағыттағы нақты істердің нәтижесі. Облысымызда мақтаны өсіру мен жинаудан бастап, оны терең өңдеуге, мақта талшығынан жіп және дайын тоқыма өнімдерін өндіруге дейінгі толық өндірістік тізбекті қамтитын мақта-тоқыма кластері қалыптасып келеді. Бүгінде Отырар ауданында төрт мақта өңдеу зауыты іске қосылып отыр. Бұл – еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға, өңірлердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған стратегиялық маңызы зор міндет. Заманауи технологиялармен жабдықталған бұл зауыттар жылына 320 мың тонна мақта шикізатын өңдеуге, 110 мың тонна мақта талшығын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарға арналған 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Осындай ауқымды жобаны жүзеге асырып отырған инвесторға және компанияның барша ұжымына алғысымды білдіремін. Іргесі берік кәсіпорынның жұмысы табысты, өндірісі өркенді болсын! – деді Нұралхан Көшеров.

    Мақта өңдеу зауыттары «Turan» арнайы экономикалық аймағының 76,2 гектар аумағында орналасқан. Төрт зауыттың құрылысына салынған жалпы инвестиция көлемі 17,129 млрд теңгені құрайды. Оның екі зауыты 2025 жылы іске қосылса, биыл тағы екі зауыттың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

    Кәсіпорындарда мақта өңдеудің заманауи қытайлық технологиялары қолданылады. Өндірістік үдеріс шикі мақтаны қабылдау, тазалау, кептіру, мақта талшығын тұқымынан ажырату, престеу және дайын өнімді қаптау кезеңдерін қамтиды.

    Салтанатты рәсім барысында жаңа зауыттың жұмысы басталып, облыс әкімі мен қонақтар өндірістік нысандарды аралады. Олар кәсіпорындардың жұмысымен және заманауи жабдықтарымен танысты.

    Төрт зауыттың толық іске қосылуы өңірде мақта шикізатын терең өңдеу көлемін арттырып, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге жол ашады. Сонымен қатар жаңа өндіріс орындары жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға, ауылдық аумақтардың экономикалық белсенділігін арттыруға және Түркістан облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

    Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту, заманауи өндіріс орындарын ашу және жергілікті шикізаттың әлеуетін тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жалғасады.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.