Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ ЕЛДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
    Жаңалықтар

    ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ ЕЛДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

    26.11.2026

    Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне Қазақстан, Венгрия, Әзербайжан және Тәжікстанның конституциялық соттары өкілдерінен құралған халықаралық делегация келді. Сапар аясында «Мемлекеттілікті нығайту мен қоғамды дамытудағы конституциялық заңдылықтың рөлі» тақырыбында ашық дәріс ұйымдастырылды.

    Халықаралық делегация құрамында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Венгрия Конституциялық Сотының судьясы Акош Козьма, Әзербайжан Конституциялық Сотының судьясы Рауф Кулиев, Тәжікстан Конституциялық Сотының судьялары Джурабек Кодирзода мен Мұхаммадджон Сохибзода, сондай-ақ Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ференц Цомбош болды.

    Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, университеттің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген, профессор-оқытушылар құрамы мен заң факультетінің студенттері қатысты.

    Жиынның ашылуында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйлеп, конституциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және құқықтық мемлекетті нығайту бағытындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

    Кездесудің негізгі баяндамашыларының бірі – Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов конституциялық заңдылықтың мемлекеттілікті нығайтудағы орнын, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндірді.

    Сонымен қатар Венгрия Конституциялық Сотының судьясы Акош Козьма мен Әзербайжан Конституциялық Сотының судьясы Рауф Кулиев өз елдерінің конституциялық сот төрелігі саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Баяндамалар барысында конституциялық соттардың мемлекеттік-құқықтық жүйедегі орны, Конституция талаптарының орындалуы және құқықтық институттардың қоғам дамуындағы рөлі талқыланды.

    Университет ректоры Мұхтар Төлеген өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп отырған кездесудің мәніне тоқталып, Конституцияның мемлекеттілікті нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Заң мен тәртіп» қағидатының құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызына назар аударды.

    Кездесу барысында университетке ұлттық мәртебе берілуіне байланысты заң ғылымын дамыту, құқықтық мәдениеті жоғары мамандар даярлау мәселелері де қозғалды. Бұдан бөлек, Шымкент пен Венгрияның Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланысты және Дебрецен университетімен академиялық әріптестікті нығайту перспективалары талқыланды.

    Дәрістің жалғасында заң факультетінің студенттері мен оқытушылары делегация мүшелеріне конституциялық соттардың қызметі, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және халықаралық құқықтық тәжірибе жөнінде сұрақтар қойып, ашық пікір алмасты.

    Халықаралық кездесу конституциялық құқық саласындағы тәжірибе алмасуға, құқықтық институттардың өзекті мәселелерін талқылауға және болашақ заңгерлердің кәсіби білімін тереңдетуге мүмкіндік берді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

    26.11.2026

    ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС: БҰРЫН ЖАСАЛҒАН ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

    26.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ВЛАДИМИР ПУТИН ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

    26.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ ЕЛДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

    26.11.2026

    Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

    26.11.2026

    ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС: БҰРЫН ЖАСАЛҒАН ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

    26.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ВЛАДИМИР ПУТИН ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

    26.11.2026

    Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

    26.11.2026

    «Халықтық құрылыс» – ел экономикасын дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба

    26.11.2026

    ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

    25.11.2026

    ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    25.11.2026

    Казахстан и Узбекистан открыли модернизированные пункты пропуска «Жібек жолы» и «Гишт-Куприк»

    25.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.