Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»МОНИТОРИНГТІК ТОПТАР ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Басты ақпарат

МОНИТОРИНГТІК ТОПТАР ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

31.07.2021

Президент Қ. К. Тоқаев өзінің биылғы жылға арнаған Жолдауында сақтандырғандай пандемиямен күрес күрделене түсті. Карантиндік режимнің сақталуын қатаң қадағалау мақсатында Шымкент әкімдігі құрған мобильді мониторингтік топтар үздіксіз жұмыс жасауда. Қаланың барлық аудандарында коронавируспен күресті реттеу үшін құрылған бұл мобильді топтар карантиндік режимнің бұзылмауын, барлық талаптарын тұрғындардың орындауын қадағалайды.

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б. Парманов, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов, Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек және Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев аудан аумағындағы мониторинг топтардың атқарған жұмыстары бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Мобильдік топтардың құрамына ерікті түрде қоғамдық бірлестіктер, қалалық емханалар мен учаскелік полиция қызметкерлері, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы және ветеринария, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, еңбек инспекциясы басқармасының мамандары енгізіліп, мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Барлық аудан аумағында 10 мобильдік топ құрылған.

Абай ауданы аумағында мобильдік топ 2021 жылдың 1-26 шілде аралығында 3157 нысанға мониторинг жұмыстарын атқарды. Оның ішінде  карантин режимінің талаптарын бұзған 109 нысан анықталды. Нәтижесінде 1 шілде мен 28 шілде аралығында 68 нысанға айыпұл салынған, 19-ы полиция басқармасында қаралуда. Жыл басынан бері  6578 нысан тексеріліп, 519 нысанға айыппұл салынды. «Ашық» мобилді қосымшасына Абай ауданы бойынша 206 нысан тіркелген.

Қаратау ауданы аумағында 2 базар мен 12 ірі сауда үйлеріне және 121-ге жуық дәмхана, мейрамханалар мен адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға, аялдамалар мен қоғамдық көліктерге  мониторинг жүргізілуде.

2021-жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін 2759 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде карантин талаптарын бұзған 115 кәсіпкерлік нысан анықталып, 62 нысанға айыппұл салынған. Аудан бойынша «Ашық» бағдарламасына 77 нысан тіркелген.

Қазіргі таңда барлық кәсіпкерлік нысандарға «Ашыққа» тіркелу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекші ауданы бойынша да мобильдік топтардың саны 6-дан 10-ға көбейтілді. Жалпы аудан бойынша 12 азық-түлік және азық түлік емес базарлар және 1  мал базары, 45 ірі сауда орталығы, 160 қоғамдық тамақтану орындары, 22 тойхана мен қабылдау үйлері, 680 ұсақ үй жанындағы дүкендер, 36 монша мен сауна орталықтары орналасқан.

Мобильдік топтар 28 маусым — 28 шілде аралығында 13  ірі сауда үйлері мен  базарларда, 3487 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, карантин режимінің бұзылған 113 жағдай анықталды.  Анықталған бұзушылықтар бойынша мобильдік топ тарапынан аудандық СЭҚБ-ға тиісті баяннаттар жолданды.

Жыл басынан бері карантин режимін бұзған коммерциялық 490 нысанға хаттама  толтырылып, айыппұл салынды. «АШЫҚ» бағдарламасы бойынша Еңбекші ауданы бойынша 179 нысанға QR код берілген.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында құрылған мобильді топпен жүргізілген мониторинг нәтижесінде санитарлық-эпидемиялық және шектеу шараларын сақтамаған жалпы 416 жеке және заңды тұлғалар анықталып отыр. Оның ішінде, 5 заңды тұлға, 18 жеке кәсіпкер, 12 лауазымды тұлға және 388 жеке тұлғаға хаттама толтырылған.

2021 жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін 4763 нысанға (барлығы кәсіпкерлік) мониторинг жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде карантин режимінің талаптарын бұзған 172 кәсіпкерлік нысан анықталды.

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

08.10.2026

Нашақорлық – қоғам дерті

08.10.2026

Президент считает, что важной составляющей гуманитарного сближения является волонтерское движение

08.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.