Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»384 КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙГЕ СЫҒЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Басты ақпарат

384 КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙГЕ СЫҒЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

31.07.2021

Мемлекет басшысының халықтың жайлы өмір сүруіне мүмкіндігінше жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сай Шымкент қалалық әкімдігі барлық мәселеге тұрғындарға жайлылық жағынан келуге тырысуда. Соның ішінде қысқы жылыту маусымына дайындықта да осы принцип ұсталынады.

Шымкент қаласында, оның қалалық аудандарында қысқы жылыту маусымына дайындық басталып, қала әкімі бұл мәселенің барысын бақылап жиын да өткізді.

Қаратау ауданында  да қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Ауданда күзгі-қысқы кезеңге дайындық ұйымдастырылған түрде, кестеге сәйкес өтуде. Бүгінде аудандағы жылыту жүйесіне қосылған  384 көп қабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бұл ауданда 481 көп қабатты үй болса, оның  63-і автономды жылуды тұтынады.

Аудан әкімдігінің қызметкерлері көп қабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын аралап, қызмет көрсетуші мекемелерге іс-шара жоспарына сәйкес қысқы дайындық жұмыстарын аяқтауды айтты.

Аудан бойынша қысқы дайындық жұмыстарын жүргізетін 6 қызмет көрсетуші мекеме бар. Олармен көп қабатты үйлердің  қысқы жылыту маусымына дайындау, сығымдау барысында құбырлардың ақаулары тексеріледі және тік құбырларға 6-7 атмосфералық қысым беріліп, ақаулар анықталған жағдайда жарамсыз бұрандалар ауыстырылады. Сонымен бірге ысырма жапқыштар майланып дайындалады. Дайындалған үйлер дайындық актілерімен «Қуат жылу орталық-3» МКК тарапынан қабылданады.

Жұмыс жоспарына сәйкес аудан аумағындағы орталық жылу жүйесінен жылу алатын 384 барлық көп қабатты үйлер 2021 жылғы қыркүйек айында толық қысқы маусымға дайындықтан өткізіледі.

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

08.10.2026

Нашақорлық – қоғам дерті

08.10.2026

Президент считает, что важной составляющей гуманитарного сближения является волонтерское движение

08.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.