Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Басты ақпарат

ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

31.07.2021

Президент айтқандай қарапайым азаматтардың күнделікті өмірі мен тіршілігін жайлы етуге бағытталған жұмыстар Шымкент қаласында үздіксіз жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде шымқалалықтардың қыс ауасында жылы баспанада, жылы сумен қамтылуын жүзеге асыру үшін қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ведомстволық ұйымдары бар басқарма басшыларының, аудан әкімдерінің және коммуналдық қызметтер ұсынушы ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жылыту маусымына дайындық мәселесін талқылады.

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б. Болатбеков берген ақпарға сәйкес, 28 шілдедегі ахуал бойынша, қаланың негізгі жылу беретін кәсіпорны — №3 знергоорталықта дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Резервтік сұйық отын қоры 98 пайызға дайындалған.

Жиынға қатысқан кәсіпорын өкілі жоспарланған жұмыстарды атқаруға қосымша жұмысшылар тартылғанын, құбырлар толығымен алынып, жеткізілгенін атап өтіп, барлық жұмыстар қыркүйек айының басында аяқталады деп мәлімдеді.

Қаладағы 419 шақырымнан асатын жылу жүйелері қысымдаудан өткізіліп, орын алған техникалық ақауларды қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы мерзім ішінде атқарылуда. Сала мамандары жылу қазандықтары мен сорғы станцияларының барлығы бір ай мерзім ішінде толық дайындықта болады деп есеп берді.

Қала әкімі басқарма басшылары мен аудан әкімдерінен осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарының есебін алып, дайындық жұмыстарының көрсеткіштерін арттыру жөнінде талап қойды. Метрологялық болжамдарға сәйкес, биылғы қыс аязды болатынын ескерткен қала басшысы, дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес мерзімдерінде әрі сапалы орындалуы тиіс деді.

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

08.10.2026

Нашақорлық – қоғам дерті

08.10.2026

Президент считает, что важной составляющей гуманитарного сближения является волонтерское движение

08.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.