Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
    Басты ақпарат

    ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

    19.08.2021

    Құқық бұзушылық орын алатын салалардың бірі жұмыс беруші мен жұмысқа жалданушы арасындағы еңбек қатынастарында кездеседі.Еңбек қатынастары саласындағы кемшіліктер әрбір тексеру сайын анықталады және негізінен басшылар мен қатардағы қызметкерлердің еңбек заңнамаларын жете білмеуінен орын алады. Осыны негізге алған Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов еңбек қатынастарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қаладағы ірі және орта кәсіпорындар ұжымына еңбек заңнамасының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.
    Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлері қаладағы 200-ге жуық ірі және орта кәсіпорындардың еңбек заңнамасын сақтауы бойынша тәуекел деңгейіне талдау жүргізді. Талдау нәтижесімен қауіпті аймақта тұрған тәуекелдік деңгейі жоғары 54 кәсіпорын анықталған. Басқарма мамандары аталған кәсіпорындардың еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, COVID-19 ауруына қарсы екпе алу, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер және өндірістерде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 20 кәсіпорында семинар өтті.
    Осы мақсаттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында қала әкімінің орынбасары М.Исахов пресс-тур барысында «Бәйтерек ЛБ» ЖШС ұжымымен кездесті.
    Бұл серіктестік жасыл желектерді күтіп ұстау мен санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындарының бірі, науқан кезеңдеінде 200-ге жуық жұмыскер осы ұжымда еңбек етеді. Семинарда еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялау, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурушаңдықтан сақталу, қауіпті жағдайларды алдын ала ескерту туралы түсіндірме берілді.
    Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес, әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес, санитарлық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.

    https://newqazaq.kz/ Жаңа қазақ! шымкент Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

    23.10.2026

    В Шымкенте отметили День Республики

    23.10.2026

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.