Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
    Жаңалықтар

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026
    📍Түркістан қаласында Республика күні мен қала күні қарсаңында Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан 7 қабатты 14 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл игі іс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
    🔰Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы келіп, баспана иелеріне пәтер кілттерін табыстады. Облыс әкімі тұрғындарды қоныстоймен құттықтап, отбасыларына амандық, бақ-береке тіледі.
    📌– Баршаңызды келе жатқан ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтін маңызды мереке. Осындай мерейлі мереке қарсаңында қала тұрғындарымызға баспана кілттерін табыстау салтанатының куәсі болып отырмыз. Қазақта «Өз үйім – өлең төсегім» деген тағылымды сөз бар. Шынында да, баспана – адамға жайлы өмір сыйлайтын мекен ғана емес, әр отбасының бақыты мен берекесінің, ертеңге деген сенімінің тірегі. Бүгін баспанаға қол жеткізіп, жаңа өмірге қадам басқалы отырған отбасылар үшін бұл күннің орны ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын арттыруды, азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында өңірімізде тұрғын үй құрылысы жүйелі түрде жүргізіліп, азаматтардың баспана мәселесін шешуге басымдық берілуде. 2018-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 1 млн 261 мың шаршы метрді құрайтын 23 633 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Бүгінгі күні Түркістан қаласында жалпы 588 пәтерді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілуде. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деген Нұралхан Оралбайұлы тұрғындарды ауланы таза ұстауға, қоршаған ортаның тазалығына белсенді атсалысуға шақырды.
    🔰Салтанатты рәсімнен кейін облыс әкімі мен баспана иелері жаңа тұрғын үйлерді аралап, пәтерлердің жай-күйімен танысты. Заманауи үлгіде салынған тұрғын үй кешендерінде тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған.
    🔰Жаңа тұрғын үй кешені жалпы 3,5 гектар аумақта орналасқан. Құрылыс жұмыстарын «Dep Group» ЖШС, «FS Development Group» ЖШС, «Bes stroy» ЖШС және «ЕвроРемонт Сервис» ЖШС жүргізді. Тұрғын үй кешенінде жалпы 588 пәтер бар. Олардың 194-і жалдамалы баспана болса, 394 пәтер жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы беріледі. Пәтерлердің жалпы ауданы 36 720,6 шаршы метрді құрайды.
    🔰Мереке қарсаңында жаңа пәтерлердің кілтін алған отбасылар үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. Жаңа баспанаға ие болған тұрғындардың қатарында I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, толық емес және көпбалалы отбасылар, жесір және тұл жетім санатындағы азаматтар бар. Түркістандықтар қуанышымен бөлісіп, ҚР Президентіне, облыс басшылығына алғыстарын білдірді.
    🔰Бұл жұмыстар баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдауға және халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
    🔰Айта кетейік, биыл облыс бойынша 3 мыңнан астам пәтердің құрылысы жүргізіліп, 2 434 пәтер ел игілігіне берілді. Оның ішінде Түркістан қаласында 2 мыңнан астам пәтерді құрайтын 43 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Нақтырақ айтқанда, 706 пәтер арендалық болса, 1 382 пәтер жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы беріледі. Қазіргі таңда қала бойынша тұрғын үй кезегіне 23 мыңнан астам азамат тіркелген.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

    22.10.2026

    «АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

    21.10.2026

    АКАДЕМИК ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

    21.10.2026

    Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

    21.10.2026

    СДЕЛАНО В МЕГАПОЛИСЕ: В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ВЫСТАВКА МЕСТНОЙ ПРОДУКЦИИ

    21.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.