Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»АКАДЕМИК ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
    Жаңалықтар

    АКАДЕМИК ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

    21.10.2026

     Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Абай ілімі арқылы Қазақстан қоғамын ізгілендіру» атты жаңа ғылыми-ағартушылық жобаның салтанатты таныстырылымы өтті. Ауқымды бастама аясында Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбден ғалымдар мен жас зерттеушілерге арнайы ашық дәріс оқыды.

    Салтанатты жиынды Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек кіріспе сөзбен ашып, академик Оразалы Сәбденнің отандық ғылымды, мемлекеттілікті және қоғамдық сананы дамытуға қосқан еселі еңбегін таныстырды.

    Аталмыш ғылыми-методологиялық жоба барлығы 45 дәрістен тұрады. Бастаманың негізгі мақсаты – ұлы Абайдың бай рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның адамгершілік, әділеттілік, білім мен ғылым туралы ілімдерін қазіргі жаһандану дәуіріндегі қоғам өмірімен сабақтастыра отырып, ізгілік құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

    Абай ілімі – ұлттың рухани жаңғыруына жол ашатын, адамды кемелдікке, қоғамды ізгілікке бастайтын маңызды бағдар. Осы тұрғыдан алғанда, дәрістер топтамасы жас ғалымдар мен студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға тікелей бағытталған. Дәріс барысында академик Оразалы Сәбден қазіргі әлемдегі рухани-этикалық мәселелерге тоқталып, былай деді:

    «Әлемнің 66 елін араладым. Бүгінгі біз қайдан келдік, қай жолда тұрмыз, қайда барамыз? Қазір әлемге қарасаңыз, астаң-кестең. Рухани жұтаңданудан бізді құтқаратын — Абай мұрасы. Абайды тану – өзіңді тану, Абайды түсіну – адамдықтың биігіне ұмтылу».

    Кездесу соңында академик осы бағыттағы ашық дәрістерді тек офлайн форматта ғана емес, еліміздің өзге де өңірлік оқу орындарының зерттеушілері үшін онлайн түрде де тұрақты өткізіп тұратынын жеткізді.

    Ауқымды жоба аясында өңірлік ғалымдар мен магистранттарға арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Дайындалған дәрістер жинағы отандық педагогикалық білім беру жүйесін ізгілендіру мен студент жастардың рухани-адамгершілік әлеуетін көтеруде негізгі оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдаланылатын болады. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға тұжырымды жауаптар алып, қоғамдағы білім, ғылым және тәрбие сабақтастығы төңірегінде еркін пікір алысты. Рухани-ағартушылық бағыттағы мұндай сапалы бастамалар алдағы уақытта университет пен өңірлік білім ошақтарында өзінің дәстүрлі жалғасын табады.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

    22.10.2026

    «АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

    21.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

    22.10.2026

    «АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

    21.10.2026

    АКАДЕМИК ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

    21.10.2026

    Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

    21.10.2026

    СДЕЛАНО В МЕГАПОЛИСЕ: В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ВЫСТАВКА МЕСТНОЙ ПРОДУКЦИИ

    21.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕРДІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

    21.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    21.10.2026

    Shymkent FIRST Scrimmage 2026

    21.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.