Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ТАУАР ШЫҒАРҒАН ЦЕХҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ
    Басты ақпарат

    ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ТАУАР ШЫҒАРҒАН ЦЕХҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ

    23.08.2021

    Шымкентте заңсыз жолмен қамыр қопсытқышы мен құрғақ сүт өнімдерін өндіріп келген жасырын цехқа қатысты сот шешімі шығарылды. Жыл басынан бері заңсыз жолмен «Cykoyra S.A» және «Frima» сауда белгілерінің тауарлары Шымкент қаласында орналасқан қоймалардың бірінде өндіріліп келген. Контрафактілі өнімдер ауыр жүк көліктеріне тиеліп цехтан тікелей қаладағы сауда орындарына және еліміздің өзге де аймақтарына жіберіліп отырған. Мұны байқаған аталған тауар таңбаларының иелері Шымкент қаласының Әділет департаментіне жүгінген.
    Әділет департаменті қызметкерлері арызданушылармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, Абай аудандық полиция басқармасы «Cykorya S.A.» атауымен қамыр қопсытқышы (разрыхлитель теста) және «Frima» құрғақ сүт өнімдері қалада орналасқан қойманың бірінде заңсыз шығарып отырған тұлғаны анықтады.
    Өз кезегінде Департамент қызметкерлері қозғаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құжаттарын мамандандырылған сотқа жолдады. Соттың 11 тамыздағы қаулысымен құқық бұзушыға 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынып, құны 16 933 870 теңге құрайтын айғақты заттарды тәркілеу туралы шешім қабылдады. Құқық бұзушы айыппұл төледі. Өнімдерді заңсыз шығарған тұлға құқық иелеріне келтірген зияны 2000 АЕК аспайтын болғандықтан, яғни қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке әкелетін заңсыз әрекеттер анықталғандықтан материал Әділет департаментіне келіп түсті. Контрафактілі өнімдердің түпнұсқадан айырмашылығы қораптарынан, жарамдылық мерзімі туралы белгілерден, тауарлар түсінен, салмағынан байқалады.
    Соттың мәжбүрлеп орындату бойынша қаулысы сот орындаушыларға келіп түскеннен кейін айғақты заттар жойылатын болады.
    Әділет департаменті қызметкерлері қала тұрғындарына және кәсіпкерлерге зияткерлік меншік құқықтарын сақтау қажеттігін ескертеді. Мұндай мәселелер туындаған жағдайда, департаменттің 33-92-23 телефонына хабарласуға болады.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

    23.10.2026

    В Шымкенте отметили День Республики

    23.10.2026

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.