Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАУДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ТӘРТІБІ АЙТЫЛДЫ
    Басты ақпарат

    ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАУДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ТӘРТІБІ АЙТЫЛДЫ

    03.09.2021

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті тікелей эфирде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған міндеттерді қала аумағында іске асырудың жүйелі тәртібін жария етті,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қала әкімі бұл саяси құжатта мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтары айқындалып, экономикалық даму, денсаулық сақтау, білім беру, өңірлік даму, тағы басқа маңызды 7 бағыт бойынша іске асуы тиіс міндеттер белгіленгенін атап өтті.

    Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы Президенттік Жолдау аясында қабылданатын Жалпыұлттық жоспар бойынша жүзеге асатынын жеткізді. Айқындалған басымдықтарды табысты іске асыруға қалада барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өткен қала басшысы, бұл бағытта бірқатар жұмыстарды жүйелі атқаруға әлеуетіміз жететінін айтты.

    – Экономикалық өсімге қол жеткізуде кәсіпкерлікті қолдауға 7 млрд теңге бағытталып, 2250 бизнес өкілдеріне қолдау көрсетілетін болады. «Бизнестің жол картасы» бойынша 1 мың жоба қамтылады. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында бүгінге дейін 57,4 млрд теңгеге 1 788 жоба қаржыландырылып, 7,2 мың жұмыс орны ашылды. Яғни, қалада ашылған әрбір үшінші жоба аталған бағдарлама аясында іске асты. «Қарапайым заттар экономикасы бойынша биылға жоспарланған 80 жобаның 61-і қаржыландырылды. Қаланың экспорттық әлеуетін арттыруда «Жұлдыз» индустриалды аймағында 200 млрд теңгеге 60 ірі жобаны, «Стандарт» жеке индустриалды аймақта 180 млрд теңгеге 30 жобаны іске асыру мүмкіндігіміз бар. Халықты азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету бағытында 2 агроиндустриалды аймақтың құрылысы басталды. Ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуде «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып, құны 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асады, – деді қала әкімі.

    Шаһар басшысы азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, агроөнеркәсіпті дамыту шеңберінде 136 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері салынатынын атап өтті. Мұнда 30 млрд теңгеге 20 жоба жүзеге аспақ.
    Бүгінде қалада 3 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Жыл соңына дейін қосымша 7 әлеуметтік дүкен ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін 1 мың төсек орындық аурухана, 10 медициналық мекеме, 12 дәрігерлік амбулатория іске қосылмақ.

    Қаланың осы және өзге де мүмкіндіктері жөнінде кеңінен тоқталып, толыққанды ақпар берген қала әкімі, білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылымдық даму, тұрғын үй құрылысы, цифрландыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты экожүйе түзу бағыттары бойынша белгіленген жұмыс көлемдеріне жеке-дара тоқталды.

    Тұрғындармен тікелей желі барысында азаматтардан түскен сауалдарға жауап беріп, өзекті мәселелерді шешудегі жоспарлы жұмыстардың атқарылу барысын баяндады.

    Эфирді қорытындылай келе Мұрат Дүйсенбекұлы, Мемлекет басшысының Жолдауы мемлекеттік тұрғыдағы межелерді белгілейтінін атап өтіп, ел тұрмысын түзеуге, азаматтардың өмір сапасын арттыруға қызмет ететінін жеткізді. Жұмыла атқарған жұмыстың нәтижелі болатынын айтып, тұрғындарды мемлекеттік міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.

    https://newqazaq.kz/ Жаңа қазақ! шымкент Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

    23.10.2026

    В Шымкенте отметили День Республики

    23.10.2026

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.