Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

04.09.2022
Жетісайдағы «Күлпаршын» орталық базары өрт қалдықтарынан тазартылып, жекеменшік базардың құрылыс жұмыстары басталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев танысып, кәсіпкерлермен кездесті. Базар аумағын аралап, базар басшылығына сауда нүктелерін кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, өрт қауіпсіздігі толықтай сақталатындай етіп салынуды басты назарда ұстау керектігін жеткізді. Қазіргі таңда жаңа базар құрылысына 15 арнаулы техника жұмылдырылған.
Құрылыс жұмыстарымен «TAYMAS» ЖШС мен «Нұр-Л» ЖШС компаниялары айналысуда. Негізінен өрт талаптарын сақтау мақсатында «МПК ПРОЕКТ» ЖШС компаниясы су жүйелері мен кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасары орталық базардан бөлек зардап шеккен 29 жеке кәсіпкердің өртке оранған дүңгіршектері мен дүкендерінің жағдайымен танысып, арыз-шағымдарын қарайтындығын жеткізді. Базар басшылығы мен тиісті мекеме басшыларының қатысуында арнайы жиын өткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен бірге, облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтің төрағалығымен облыстық басқармалар мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары мен АҚ «Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы» өкілдері, екінші деңгейлі банктердің (Жусан банк,Нұр банк, Каспи банк, Халық банк) аудандық бөлімше басшылары мен «Ырыс» МКҰ ЖШС басқарма басшыларының қатысуында жиын өтті. Күн тәртібінде өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің несие мерзімдерін уақытша тоқтата тұру және төмен пайызда көмек ретінде несие беру мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен «Түркістан» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Ырыс»МКҰ ЖШС басқармасына заң талаптарына сай «Күлпаршын» базарының зардап шеккен кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, несие беру жолдарын қарастыруды, сондай-ақ «Ырыс» МҚҰ тарапынан берілетін жеңілдетілген несие лимитін толықтыру жұмыстарын жүргізуді туралы нақты тапсырма берді.
Айта кетейік, өрттен 600-ден астам саудагер зардап шегіп, мыңнан астам сауда нүктесі жапа шеккен. Келтірілген шығындарды өтеу бойынша арнайы қор құрылды.
#Түркістан #Түркістан жаңалықтары
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ТАҢДАУЛЫ МАМАНДЫҚ ЕМЕС, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.