Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ
Жаңалықтар

Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

10.10.2022

Білімді және сауатты жастар қашан да болмасын ел болашағының айқын кепілі.  Егеменді еліміз дамыған сайын, қоғамның барлық саласында түрлі өзгерістер орын алып, алға жаңа талаптар, міндеттер мен мақсаттар қойылуда. Оның ішінде ең бастысы – келер ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатында еліміздің білім жүйесін жетілдіру жұмыстарын қарқынды жүргізу.
Сапалы білімнің мызғымас тірегіне айналған әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылы негізі қаланғаннан бері осы міндеттерді қарқынды түрде атқарып келеді. Бар білгенін шәкірттеріне үйретуге дайын тұратын профессорлық оқытушылық құрам мен болашақ өз ісінің нағыз маманы боларлық студенттердің басын қосқан Университетіміз өз беделін тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, сондай -ақ әлемдік деңгейде де дәлелдеген.
Ғылым, білім беру және инновациялық өндіріс интеграциясы нәтижесінде, ҚазҰУ танымал әлемдік зерттеу университет­тері қатарында. Алдағы уақытта Университет тиім­ді түрде жүзеге асыратын төрт маңызды миссиясын белгіледі. Ол – сапалы білім беруді, терең ғылы­­ми-зерттеулер жүргізуді, жаңа инно­ва­­цияларды өндіріске енгізуді және жоғары білімді-білікті мамандарды елін, адамзатты сүйген тұлғалар ретінде рухани-адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастыруды  көздейді.
ҚазҰУ бүгін – жаңа білім үлгісі, жаңалықтар жаршысы. Қазақстан тәжірибесінде бірінші рет университет толығымен халықаралық бағдарлама талаптарына сай келетін эксперименталды білім бағдарламасына көшті. Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр-магистр- PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген.
Әйгілі ҚазҰУ қалашығында жайлы жатақханалар мен технопарк, тамақтандыру комбинаты, интернет орталығы, Орта Азия аумағында теңдесі жоқ «Әл-Фараби» кітапханасы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, студенттерге арналған спорттық кешен орналасқан. Олардың барлығы да ұлттық университет білімгерлерінің денсаулығы, болашағы мен білім алу жолында ерекше орын алары сөзсіз. Ең бастысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде студенттік өмірдің көтеріңкі көңілмен өтетіні сөзсіз. Әр талапкердің арманына айналған қарашаңырағымызда өмірдің ең сәнді де мәнді беттерін ашатынына сенімдіміз. ҚазҰУ ашылған жылдар ішінде феноменалды жетістікке жетті. Соның арқасында мемлекет, қала берді, әлем университеттері алдында имиджін қалыптастырды. Білім елінде білікті де білгір мамандарды дайындауда алдына жан салмайтын ұлттық университет тарихы елдің, одан әрі адамзаттың тарихы екендігін естен шығармау керек.

Тлепбергенов О.Н.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға-оқытушысы
Бахыт Ә.Б.
Мустафина Ф.А.
Заң факультетінің «Ел-тұтқа»клубының студенттері

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ТАҢДАУЛЫ МАМАНДЫҚ ЕМЕС, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ТАҢДАУЛЫ МАМАНДЫҚ ЕМЕС, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.