Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 24 қараша күні Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты С.Рахымов атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің базасында «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау және педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбында аймақтық тәжірибелік семинар болып өтті. Семинарға Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының әдіскері Г.Алимбекова қатысты.
Тәжірибелік семинардың мақсаты: әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау мен психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша құқықтық сауаттылығына қатысты тәжірибе алмасу.
Семинарға Шардара, Жетісай, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерінің, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың әлеуметтік педагогтері қатысты.
Семинарда өмірлік қиын жағдайға тап болу себептері, зерттеу әдістері, балалардың ата-аналарымен жұмыс және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстары туралы баяндама, коуч, шебер сыныптар өткізіліп, тәжірибе алмасты.
Өткізілген тәжірибелік семинар форматы өзгеше, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.