Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»ORDABASY: ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ
Қоғам

ORDABASY: ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

09.02.2024
Бүгін Ордабасы ауданының орталығындағы Мәдениет үйінде “Ордабасы — өнегелі отбасылар мекені” тақырыбында форум болып өтті.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, оның ішінде жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын арттыру, зорлық-зомбылықты алдын алуға, болдырмауға ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі
Азат Оралбаев, ауданның прокуроры
Абзал Қыдырбай, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Ғалымжан Қуашбаев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ардагерлер мен зиялы қауым, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, білім саласының қызметкерлері, тұрғындар қатысты.
Аудан басшысы Азат Оралбаев форумның маңыздылығын ескеріп, қатысып отырғандарға шынайы алғысын білдіріп, сөз сөйледі:
— Өздеріңізге белгілі, Президентіміз
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Бұл бағытта құқық қорғау органдары тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
Жалпы, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы бүгінде өзекті екені жасырын емес. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартқанды дұрыс санайды. Олай етудің соңы қайғылы жағдайға душар етуі әбден мүмкін.
Өткен жылы аудан әкімі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі
және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» 34 рет отырыс, 33 мәселе қаралып, кәмелетке толмаған 7 жасөспірім құқық бұзушылық бойынша есепке алынды. Сондай-ақ, аудан әкімдігімен полиция бөлімі, қоғамдық ұйымдар бірлесіп «Ішімдіксіз – ауыл», яғни спирттік ішмідік сатпайтын, отбасылық жиын, мерекелерде тұтынбайтын жобаны қолға алды. Қазіргі таңда Қараспан, Шұбар ауыл округтерінде 4 елді мекен спирттік ішімдіксіз ауыл жобасына кіріп отыр. Полицияның дерегіне сәйкес, ішімдіктен бас тартқан ауылдарда қылмыс едәуір азайған. Бұл жоба кезең-кезеңімен ауыл округтерде іске асырылатын болады.
Форумның маңыздылығын ескере отырып жиынға арнайы шақырылған қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл имамдары, ауыл билері осындай форматтағы жиындарды әрбір елді
мекендерде өткізуді қажет деп санаймын, — деді аудан басшысы.
Форумда ауданның прокуроры, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы сөз сөйлеп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еще 40 семей получили жилье в микрорайоне Бозарык

25.08.2026

Бозарықтан тағы 40 отбасы баспаналы болды

25.08.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

25.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В Талдыкоргане гвардейцы задержали вооружённого ножом нарушителя

25.08.2026

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25.08.2026

Еще 40 семей получили жилье в микрорайоне Бозарык

25.08.2026

Бозарықтан тағы 40 отбасы баспаналы болды

25.08.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

25.08.2026

Шымкентского чемпиона мира торжественно встретили в аэропорту

25.08.2026

Шымкенттік әлем чемпионын әуежайдан салтанатты түрде күтіп алды

25.08.2026

Ветераны высоко оценивают деятельность центра «Ізетті Зейнеткер»

25.08.2026

Ветераны высоко оценивают деятельность центра «Ізетті Зейнеткер»

25.08.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.