Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Ақпараттық-білім беру орталығында білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-зияткерлік өресін кеңейту және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мақсатында салтанатты түрде кітап шеруі ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда заманауи университеттің Ақпараттық-білім беру орталығы – жай ғана кітапхана емес, білім алушылардың сапалы әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз етілуіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдетіп жүргізуіне және шығармашылық-зияткерлік әлеуетін дамытуына мүмкіндік беретін негізгі білім кеңістігі. Осы орайда өткізілген кітап шеруі оқырмандар мен студенттер қауымы үшін нағыз рухани қазына алаңына айналды.
Мұндай танымдық әрі мәдени-ағартушылық іс-шаралар оқырмандарға әлемдік және отандық әдебиеттің жаңа туындыларын, ғылыми басылымдар мен монографияларды таныстырып қана қоймай, олардың көркем сөзге, ізденіске және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бастама білім беру ордасында оқырмандық дәстүрді кайта жаңғыртып, кітап оқу мәдениетін насихаттауда айрықша маңызға ие.
Аталған іс-шара аясында студенттер мен жас ғалымдар үшін түрлі тематикалық көрмелер, сирек кездесетін қорлардың таныстырылымы және интерактивті пікірталастар ұйымдастырылды. Катысушылар өздерін қызықтырған бағыттар бойынша ғылыми және көркем әдебиеттермен жақынырақ танысып, кітапхана қорын тиімді пайдалану жолдарын меңгерді.
Кітап оқыған ұрпақтың ой-өрісі кеңейіп, таным көкжиегі артады.
Кітаппен дос болу – адамның ішкі дуниесін байытып, сыни ойлау жүйесін қалыптастырады. Ақпараттық технологиялар мен цифрлық ресурстар қарқынды дамыған заманда да кітап білім мен даналықтың сарқылмас қайнар көзі болып қала береді. Сондықтан студент жастардың бойында оқуға деген құштарлықты ояту, оларды кітаппен тұрақты серік болуға баулу – өзін-өзі дамыту мен жарқын болашаққа бастайтын ең маңызды қадамдардың бірі.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті алдағы уақытта да студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға, олардың рухани азық алып, бәсекеге қабілетті тұлға болып калыптасуына бағытталған осындай мәдени-танымдық жобаларды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
Бүгінгі таңда Ақпараттық-білім беру орталығы студенттер мен жас зерттеушілерге дәстүрлі баспа кітаптарымен қатар, халықаралық электронды деректер базаларына, отандық және шетелдік ғылыми ресурстарға еркін қол жеткізуге жағдай жасап отыр. Бұл өз кезегінде жастардың білім сапасын арттырып, отандық ғылымның дамуына серпін беретін жаңа идеялар мен зерттеулердің туындауына жол ашады. Осындай заманауи мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы білім алушылар өздерінің кәсіби өсуіне берік іргетас қалайды.
