Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
    Жаңалықтар

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    Жыл сайын 12 қазан күні елімізде Кадр қызметкерлері күні атап өтіледі. Осы айтулы мерекеге орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Адами ресурстарды дамыту департаментінің ұжымы мен қызметкерлері арнайы құттықталып, олардың оқу орнының дамуына қосқан айрықша үлесі жоғары бағаланды.

    Бүгінгі таңда заманауи жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігі мен білім сапасы ең алдымен оның кадрлық әлеуетіне, білікті оқытушылар құрамы мен кәсіби мамандардың жинақталуына тікелей байланысты. Осы ретте университеттегі адами ресурстарды тиімді басқару, еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, құжат айналымын жүйелеу және тарихи маңызы бар архив құжаттарының сенімді сақталуын қамтамасыз ету – Адами ресурстарды дамыту департаментіне жүктелген басты әрі жауапты міндеттердің бірі болып табылады.

    Күнделікті көзге бірден көріне бермейтін, алайда үлкен мұқияттылықты, төзімділікті, жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін бұл еңбек – оқу орнының тұрақты, әрі үйлесімді жұмыс істеуінің берік негізі. Департамент қызметкерлері әрбір оқытушы мен қызметкердің еңбек жолын айқындаудан бастап, олардың кәсіби дамуына, құқықтарының қорғалуына және ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалдың қалыптасуына үздіксіз ықпал етіп келеді.

    Қазіргі таңда бұл маңызды құрылымда өз ісінің шеберлері саналатын 14 жоғары білікті маман еңбек етуде. Олардың әрқайсысы өз бағыты бойынша жүктелген тапсырмаларды мінсіз атқарып келеді. Атап айтқанда:

    • Адами ресурстарды дамыту департаментінде – 6 маман;
    • Құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінде – 6 маман;
    • Университет архивінде – 2 білікті маман қызмет атқарады.

    Аталған департаментті бірнеше жылдан бері өз ісінің білгірі, тәжірибелі әрі білікті басшы Айгүл Сейдуллақызы Мельдешова абыроймен басқарып келеді. Оның басшылығымен департамент ұжымы заманауи кадрлық саясатты сәтті жүзеге асырып, құжаттамалық үдерістерді цифрландыру және адами капиталды дамыту бағытында нәтижелі жұмыстарды атқаруда.

    Құрметті кадр саласының мамандары!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Университет игілігі мен болашағы жолындағы қажырлы әрі жауапты еңбектеріңіз үшін терең алғысымызды білдіреміз.

    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз! Кәсіби қызметтеріңізде әрдайым жаңа мүмкіндіктер мен биік белестер көп болсын. Атқарып жатқан әрбір игі істеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, абыройларыңыз асқақтай берсін!

    Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.