Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
    Қоғам

    ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

    16.02.2024
    Бүгін Ордабасы аудандық полиция бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Аудандық мәдениет сарайының мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ашып, жүргізіп отырды.
    Есеп беру жиынына аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, партиялар, аудандық қоғамдық кеңес және БАҚ өкілдері, дербес бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдері, ауыл тұрғындары қатысты.
    Алдымен күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ермек Усербаев баяндама жасады.
    Баяндамада атап өткендей, аудан бойынша қылмыс деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 31,0% (100-ден 69-ға) төмендеген. Оның ішінде мал ұрлығы бойынша 2023 жылы тіркелген қылмыстық істер бойынша ұрланған малдарды жүк көліктерімен тәуліктің күндізгі, түнгі уақыттарында жасырын тасымалдап басқа қала аудандарға апарғаны анықталған. Мәселен, 2023 жылы малдарды тиісті құжаттардың тасымалдаудың 31 дерегі бойынша ветеринария инспекциясымен 535 мың теңге айыппұл салынған. Полициямен үй жануардарын күтіп бағу қағидаларын бұзғаны үшін (мал жаю) 186 әкімшілік хаттама толтырылған.
    Ермек Әліпбекұлы сөз барысында мал ұрлығының басты себебі мал иелерінің үй жануарларын қараусыз жаюынан екендігін атап өтті.
    Мұнан соң жиынға қатысқан ауыл тұрғындары Есенгелді Диханбаев, Сейілхан Смайлов, Берік Қарабалаевтар сөз алып, ағын су, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді бірқатар мәселелерді айтып, көкейдегі сауалдарын қойды. Аталған мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
    Жиында көтерілген мәселелердің өзектілігін айтқан аудан әкімі С.Асылханұлы аудан көлемінде орын алған құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі жасөспірімдер арасында болып жатқанын тілге тиек етіп, алдын алу жұмыстарын қолға алу керектігін жеткізді.
    Аудан басшысы өз сөзінде: — Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылатын жұмыстар мен алда тұрған міндеттер көп. Сондықтан жол ережелерін сақтау, жастар арасындағы құқықбұзушылық, жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстанды жандандыру керек Сонымен қатар мал ұрлығының алдын алу үшін жайылымдарда, орталық көшелерде иесіз жүрген малдарды қадағалап, мал иелеріне ескерту қажет. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырмай оң нәтижеге қол жеткізе алмаймыз,- дей келе жоғарыда айтылған ұсыныс пікірлерді бақылауға алып, заң шеңберінде қажетті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.