Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Аймақ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

01.02.2024
Бүгін Ордабасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық полиция бөлімінің жедел кеңес отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов, аудан прокуроры Бақытхан Булеулиев, аудандық полиция бөлімінің салалық бөлімше басшылары, жергілікті полиция және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Кеңес отырысын аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ермек Усербаев ашып, жүргізіп отырды.
Отырар ауданы аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткен басқосудың күн тәртібінде Отырар АПБ-нің 2023 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қылмыстық істердің тергелуі мен сотқа жолдануы, жеке құрам арасында заңдылықтың сақталу жай-күйі және сыбайлас-жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер бойынша аудандық полиция бастығының орынбасары М.Бөрібеков, шұғыл істер жөніндегі орынбасары Д.Сарыбасов, ТжКЖЖ-гі орынбасары Ғ.Құрманбеков 2023 жылдың 12 айында атқарған жұмыстарына тоқталып, профилактикалық шараларды ұйымдастыру барысындағы бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Көтерілген мәселелердің өзектілігін айтқан аудан әкімі С.Сұлтанханов аудан көлемінде орын алған құқықбұзушылықтардың басым көпшілігі жасөспірімдер арасында болып жатқанын тілге тиек етіп, алдын алу жұмыстарын қолға алу керектігін жеткізді.
Аудан басшысы өз сөзінде: — Баяндамада айтылған құқықбұзушылықтың көпшілігі жасөспірімдердің қатысуымен орын алған. Бұл өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы профилактикалық шараларды күшейту керектігін көрсетіп отыр. Сондықтан аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлестіп тиісті жұмыстарды ұйымдастыру керек. Сонымен қатар мал ұрлығының алдын алу үшін жайылымдарда, орталық көшелерде иесіз жүрген малдарды қадағалап, мал иелеріне ескерту қажет. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырмай оң нәтижеге қол жеткізе алмаймыз,- дей келе сала басшыларына тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, жиын барысында сөз алған аудан прокуроры Б.Булеулиев мас қалде көлік басқару мен жол ережелерін бұзу бойынша орын алған құқықбұзушылықтар мен мал ұрылығының алдын алу бойынша жұмыстардың кенжелеп жатқанын айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керектігін атап өтті.
Басқосуда аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ермек Усербаев айтылған сын ескертпелер назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтып өтті. Ол сөз барысында аудан орталығындағы айналма жол мен Шәуілдір — Көксарай бағытындағы жол бойын жарықтандыру, жол бойындағы бейне камералардың санын арттыру бойынша ұсыныстарын айтты.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы айтылған ұсыныс пікірлерді бақылауға алып, заң шеңберінде қажетті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН 200-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

22.09.2026

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

22.09.2026

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

22.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

21.09.2026

ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: МОЛОДЕЖЬ НЕ ДОЛЖНА ПОДДАВАТЬСЯ НА УЛОВКИ МОШЕННИКОВ

21.09.2026

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

21.09.2026

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

21.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.