Шардара қаласында орналасқан Б.Соқпақбаев жалпы орта мектебінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар жат ағым жетегіне неге тез ереді?» — тақырыбында кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев қатысты.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов: Жастардың діни сауаттылығы — қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Олардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі — білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады. Жастардың рухани және діни сауатты болуы — кезек күттірмес мәселелердің бірі. Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетудің ең алғашқы, басты себебі — діни білімсіздік. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, эмоционалды сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады деп сөзін қорытындылады.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев: Жастардың діни сауаттылығы — қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Олардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі — білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Қазіргі жастардың дінге деген қызығушылығы мен бетбұрысы өте жоғары деңгейде және жылдам жүруде. Деструктивті ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтармен жұмыс барысында аңғарғанымыздай, олардың құрығына көбіне 14 пен 29 жас аралығындағы жастар ілігеді. Әдетте, мұны интернеттің кең қолданысқа енуімен байланыстырамыз. Жастарымыз жаңалыққа құштар, дүниені ғаламтордағы ақпараттар арқылы қабылдайды. Осындай жастар діни жат ағым өкілдерінің ортасына түскен кезде қамқорлыққа алынады. Тіпті, кейбір жағдайларда кәсіптерін жүргізуге, аяқтан тұруларына көмектеседі. Оларды бауырым деп атап, өз жағына шығара бастайды деп сөзін қорытындылады.