Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ БОЙЫНША 35 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Жаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ БОЙЫНША 35 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

15.07.2024
Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кезекті рет талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тұрғындарды ауыз сумен қамту ең бірінші кезектегі іс екенін айтты. Құрылысы созбалаңға салынған нысандар бойынша аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшысына нақты тапсырма берді. Жұмысты дұрыс атқармаған мердігерлердің мәселесін заң аясында қарауды тапсырды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz.
– Ауыз сумен қамту жұмыстары жауапкершілікпен атқарылуы тиіс. Тапсырысты уақтылы орындамай, ауыз суды кешіктірген мердігерлермен заң аясында жұмыс жүргізіңіздер. Бұл мәселе қатаң бақылауда тұр, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбековтың айтуынша, өңірде қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылса, ауылдардың қамту көрсеткіші 97,3 пайызды құрап отыр. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 14,1 млрд теңгеге 61 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның 53-і ауылдарда жүзеге асады. 35 жобаны биыл аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 12 елді мекен (Сарыағаш – 2, Отырар –1, Төлеби –1, Келес – 4, Созақ – 4) жаңадан ауыз су жүйесімен қамтылады. 12 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылуда. 14 кешенді блок модулі орнатылып жатыр. Арыс пен Түркістандағы 6 мөлтек ауданға су құбырлары жүргізіледі. Ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

10.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

10.09.2026

ЖАСТАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

10.09.2026

Как уберечь молодежь от киберугроз: в Шымкенте продолжаются уроки цифровой грамотности

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН САЛТАНАТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖӨӨ-ДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.09.2026

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ СТУДЕНТТЕРДІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

10.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.