Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЭНЬСИ ӨЛКЕСІ БАУЫРЛАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАСТЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЭНЬСИ ӨЛКЕСІ БАУЫРЛАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАСТЫ

    12.07.2024
    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапарын Сиань қаласында жалғастырды. Ұлы Жібек жолының бастауы саналатын Шэньси провинциясында 47 миллионнан астам халық тұрады. Сиань қаласы Қытайдың рухани және мәдени астанасы саналады. Сапар аясында облыс әкімі Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Идэмен кездесті. Онда Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz.
    Маңызды құжатта тараптар өңір арасындағы өзара түсіністік пен бауырластықты нығайту, тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіреді. Сондай-ақ өңіраралық келісім бойынша екі жақ дамуды ынталандыру мақсатында сауда, ғылым мен техника, гуманитарлық алмасу, логистика, инфрақұрылым құрылысы, жаңа энергия көздеріндегі автомобиль өндірісі, білім саласындағы әріптестік пен түрлі нысандарда өзара алмасулар мен ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті.
    Кездесу басында Дархан Амангелдіұлы ҚХР-ға жұмыс сапары барысында облыстық делегацияға көрсетілген қонақжайлылық пен жылы қабылдаулар үшін Шэньси провинциясы парткомитетінің хатшысына алғыс білдірді. Жұмыс сапарының мақсаты – екі ел көшбасшыларының уағдаластықтарын іске асыруды ілгерілету екенін жеткізді. Өңіраралық ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын айтты.
    Облыс әкімі өңірлер арасындағы туристік байланыстарды дамытуға ерекше назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты түрде диалогта болып, өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, екі жаққа тиімді жобаларды жүзеге асыруға келісті.
    – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаның барлық деңгейдегі тұрақты байланыстары екі елдің берік достығы мен тығыз қарым-қатынасының жарқын үлгісі. Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы ТОП-5 инвестор елдерінің қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 24 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал өткен жылы Түркістан облысымен өзара тауар айналымы 149 млн. АҚШ долларын құрады. Өңіраралық ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын түсіне отырып, өздеріңізбен тығыз байланыста жұмыс істеуге ниеттіміз. Бүгінгі келісім өз кезегінде өңірлеріміздің түрлі салаларда дамытуына серпін беретіне сенім білдіремін, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
    Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Идэ Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы достық және экономикалық байланыс өте жақсы деңгейде екеніне тоқталды. Қазақ халқына, көршілес елге деген құрметі жоғары екенін жеткізді.
    Шэньси провинциясы мен Қазақстан арасында сауда, экономика, білім беру, гуманитарлық алмасу салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақстан-Қытай тауарларының көрмелері өткізіледі, көлік, білім беру саласындағы ынтымақтастық дамуда. Қазақстандық студенттер жоғары оқу орындарында оқиды. Шэньсиде көлік және логистика саласында дамыған. Өлке Қытайдың орталығында орналасқан, теміржолдары және әуе жолдары дамыған. 45 елмен және аймақпен теміржол байланысы бар. Үш климаттық белдеуде орналасқан өлке көмір қоры, мұнай, газ бойынша жетекші орында.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЖАС БҮРКІТ» КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

    26.10.2026

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЖАС БҮРКІТ» КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

    26.10.2026

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.