Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Мәдениет»ТҮРКІСТАНДА «СІЗ КҮТКЕН КӨКТЕМ…» ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ
    Мәдениет

    ТҮРКІСТАНДА «СІЗ КҮТКЕН КӨКТЕМ…» ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

    07.03.2025
    Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы көктемнің шуағымен қатар келген мереке қарсаңында ерекше әдеби кеш ұйымдастырды. «Түнгі кітапхана» жобасы аясында өткен «Сіз күткен көктем…» атты поэзия кеші көктемнің сұлулығын, нәзіктігін және жаңаруын жырлайтын кеш болды.
    Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жас ақындар мен өнерсүйер қауым қатысты. Сонымен қатар әдеби кештің негізгі ерекшелігі – өнер көрсеткен қатысушылардың қатарында кітапханашы жастар мен белсенді оқырмандардың болуы. Бұл кеш кітапхана оқырмандары мен шығармашылық жастарға шабыт сыйлап, өз өнерін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді.
    Поэзия кешінің мақсаты – ұлттық әдебиетті дәріптеу, жас қаламгерлерді қолдау және көктемнің көркемдігін өлеңмен өрнектеу. Кеш барысында танымал ақындардың өлеңдері оқылып, жас таланттардың туындылары тыңдалды.
    Бұл шара – «Фараб» кітапханасының мәдени-ағартушылық бағыттағы жұмыстарын жандандыруға, оқырмандармен тығыз байланыс орнатуға және шығармашылық орта қалыптастыруға арналған бастамаларының бірі.
    Кеш барысында тақырыптық кітап көрмесі және көрме-инсталляция келушілер назарына ұсынылды. Қыз баласының кішкентайынан бастап, ана болғанына дейінгі көрініс келушілердің көңілінен шықты. Кешке келген ару қыздарға арнайы мерекелік сыйлық ұсынылып, ақындар өз шығармашылығынан өлең оқыды.
    Поэзия кешіне Қырғызстан елінен келген туристер де қатысып, қазақ өнеріне тәнті болғандарын жасырмады. Қырғыз ақындарының өлеңдерін оқып, құтты қонақтар кештің әсерлі өтуіне өз үлестерін қосты.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ЭТНОПОЗНАВАТЕЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ «ТЕКЕМЕТ FEST»

    30.09.2026

    Достық пен келісім акциясы аясында

    28.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.