Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ

07.03.2025
Шымкент қаласында жұмыс істеп жүрген жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы үлкен сұранысқа ие. 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, бүгінгі таңда жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз 2 949 пәтер берілген. Бағдарлама 2020 жылдан бастап іске қосылып, сол жылы 904 пәтер, 2021 жылы 300 пәтер, 2022 жылы 857 пәтер, 2023 жылы 888 пәтер ұсынылды. Пәтерлер 5 жылға дейін беріледі (2023 жылдан бастап 3 жыл мерзімге).
«Бүгінгі таңда 900 пәтерге конкурс өткізіліп, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы қалада жұмыс істейтін жас мамандарға қолжетімді баспана алу мүмкіндігін береді», — деді Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Кенжеханұлы.
2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталғаны хабарланды. 500 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда. Тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде беріліп, қарыз сомасының 10%-ын, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде ұсынылады. Бұл сертификаттар бірінші және екінші топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және басқа да әлеуметтік осал топтарға беріледі. Қазіргі таңда 103 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілген.
Сонымен қатар, «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында да тұрғындарға баспана берілуде. 2023 жылы бұл бағдарлама үшін 3 млрд. теңге бөлініп, 150 азамат пәтер алған. 2024 жылға 5 млрд. теңге бөлініп, 400 азаматқа пәтер берілуі жоспарланғаны айтылды. Қатысушыларды іріктеу қорытындысы бойынша 1 736 өтінім қабылданып, оның ішінде 400 қатысушы негізгі тізімге енгізілгені хабарланды. Бұл бағдарлама аясында тұрғын үйге қол жеткізген азаматтардың саны жыл сайын артып келе жатқаны туралы бүгінгі брифинг барысында мәлімделді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.